Погода в Караганде °C
USD EUR RUB
WAP Карта сайта
Версия для слабовидящих
home
home home
Аблаева Татьяна Юрьевна
Руководитель управления предпринимательства

Аблаева Татьяна Юрьевна

Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Сәлемдесу Сұрақ қою Сұрақтар мен жауаптар мұрағаты Жиі қойылатын сұрақтар


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттіқалыптастыру туралы мақала

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ТӨЗБЕУШІЛІКТІ  ТӘРБИЕЛЕУ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ

Адамдардың қауіпсіздігі, олардың құқықтарын қорғау, экономика үшін қылмыстық қатерлерді басу, билікті сыбайлас жемқорлықтан тазарту - біздің еліміздің дамуының маңызды шарты. Сыбайлас жемқорлық мәселесі жаппай сипатқа ие және қоғамдық өмірдің барлық салаларына әсер етті. Сыбайлас жемқорлық бірден күресу және жойылуы қажет әлеуметтік зұлымдық ретінде қабылданады.  Бұл тек Қазақстан Республикасында ғана емес, бүкіл әлемде орын алған жағдай. Билік пен басқарудың жаңа жаһандық құрылымдарының қалыптасуымен  олардың қызметінің ашықтығына көбірек талап қойылады. Бұл талаптар мемлекеттік және аймақтық билік органдарына да қатысты. Сыбайлас жемқорлықпен зақымданған мемлекеттік және муниципалды қызметкерлер, құқық қорғау органдары қызметкерлері өз міндеттерін, қызметтік өкілеттіктерін және функцияларын тиімді орындай алмайды. Осыған байланысты, бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыру жолындағы негізгі кедергілерінің бірі болып отыр. Сондықтан, оны барлық елдер мен құрлықтарды қамтыған экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани-адамгершілік дағдарыстың себептерінің бірі деп атауға болады. Бүгінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес халықаралық үйлестіру объектісі болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тек ірі халықаралық ұйымдар ғана емес, сондай-ақ коммерциялық трансұлттық құрылымдар кіреді, осы салада халықаралық шарттар жасалып, қол қойылуда.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев атап өткендей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту қажет, ол үшін «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданған болатын.  Сонымен қатар, Мемлекет басшысы өткен жылдар бойы бұл бағытта көптеген жұмыстар атқарылғанын атап өтті.

  -   Атап айтқанда, заңға өзгерістер енгізу, шенеуніктер мен кәсіпкерлер арасындағы байланысты азайту арқылы сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстары қатайды. Лауазымы мен еңбегіне қарамастан барлығын да жауапқа тартатын заң қолданысқа енді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев және жұмыс нәтижелеріне қоғам тарапынан оң баға беріліп отырғанын атап өтті.

       - Қазақстандықтар арасында бұл мәселеге немқұрайлы қарайтындар болмауы тиіс. Ең бастысы, жұртшылық жемқорлық көріністеріне төзбей, ол жөнінде хабарлап, сол бойынша ілкімді шаралар қабылдануы керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.     

Сонымен қатар, Президент мемлекеттік қызметшілер жұмысын мінсіз әрі адал атқаруы үшін мемлекет тарапынан қажетті жағдайлар жасалып жатқанын атап өтті.

         - Олар материалдық және әлеуметтік кепілдіктермен қамтылған, сондықтан біз олардан адал қызметтің үлгісін көрсетіп, заңнаманы сақтауды талап етуге құқылымыз. Президент біздің республика ТМД-да бірінші болып «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңды қабылдағанын атап өтті.

         -  Осы заңды қабылдау кезінде мен ешкімге жеңілдік болмайтынын және ешкім де жазадан құтылмайтынын айтып, бүкіл халыққа мәлімдеме жасадым. Мемлекет тиімді басқарушыларды тәрбиелеп шығару үшін көп уақыт пен қаражат шығындайды. Ал олар сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол берсе, жұмсалған сол барлық күш-жігер мен шығын босқа кеткен болып шығады. Халық осыны түсініп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен ымырасыз күреске мүдделі болғаны жөн,-деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, аталған стратегия Ұлт жоспары - Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамында көрсетіледі. Ұлт жоспарындағы жеке бөлігі болып жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, сонымен бірге, жаңа заңнамалар әзірлеу болып табылады.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы «Жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, сонымен бірге, жаңа заңнамалар әзірлеу» бөлігінде көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Парламенті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы қабылданды.

Бүгінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мемлекеттің одан әрі табысты дамуы үшін сөзсіз басымдық болып табылады. Бұл сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністері қоғамның мүддесіне зардабын тигізіп және мемлекеттің экономикалық өсуіне кедергі келтіретінімен байланысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мүмкін бе?

Қазіргі заманғы әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмысы үздіксіз жүргізілуде және әрдайым жетілдірілу үстінде. Әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресу механизмінің барлық елдерге тиімді болатын бірегей жинағы жоқ. Әрбір мемлекет қолданатын сыбайлас жемқорлықпен күресу әдістерінің жиынтығы өзгеше, ол елдің саяси және экономикалық тұрақтылығына ғана емес, сонымен қатар әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне, діни ерекшелігі мен құқықтық мәдениет деңгейіне және аумағы бойынша алатын жеріне, халқының саны мен орналасу тығыздығына да байланысты болып келеді.

Қазақстанда экономиканы жандандыру және ауқымды әлеуметтік  түрлендіру жағдайында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған заманауи әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланысқан бүтіндей стратегияның қажеттілігіне анық көз жеткізілді.

Осыған байланысты 2014 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы бекітілді. 

Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа кез-келген жемқорлықтың туындауына «нөлдік» төзімділік таныту атмосферасын құру жолын қолдану арқылы барлық қоғамды тарту, сондай-ақ Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

Стратегиямен  белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басты бағыттары мынадай:

мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар қолдану;

 қоғамдық бақылау институттарын енгізу;

мемлекеттік сыңайлы және жеке меншік секторларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау;

құқық қорғау және сот органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

Осы бағыттар шеңберінде «сыбайлас жемқорлық» ұғымын қайта қарастыруға және жемқорлық құқықбұзушылықтар арасына нақты шек қоюға, мемлекет тіршілігіне азаматтық бақылау жүйесін құру және енгізуге мүмкіндік беретін, сондай-ақ азаматтардың көпшілік ақпаратқа еркін рұқсат алуын қамтамасыз ететін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы», «Қоғамдық бақылау туралы», «Көпшілік ақпаратқа рұқсат туралы» жаңа заңдары  дайындалып, қабылданатын болады.

Сыбайластық жемқорлықпен күрес мыналардың негізінде жүзеге асырылады:

заң мен сот алдында бәрі тепе-тең;

мемлекеттік органдар қызметін нақты құқықтық реттеумен (регламенттеумен) қамтамасыз ету, аталмыш қызметтің заңдылығы мен жариялылығы, оған мемлекеттік және қоғамдық бақылау жасау;

жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық, ұйымдастыру-басқару жүйелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдылығы;

 жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қайта қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою және алдын алу;

сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылармен күресуге жәрдемдескен азаматтардың жеке қауіпсіздігін және оларды ынталандыруды қамтамасыз ету;

мемлекеттің мемлекеттік қызметті орындауға уәкілетті және оған теңестірілген тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауы, аталмыш тұлғалар мен олардың отбасыларының лайықты өмір сүрулері үшін бұл тұлғаларға еңбекақы (ақшалай қолдау) мен жеңілдіктер тағайындау;

жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметтерін мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын тұлғалардың өкілеттіктерін делегирлеуді болдырмау, сондай-ақ оларға бақылау мен қадағалау жүргізу.

Кәсіпкерлік басқармасымен  Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстар жүргізілуде, құқықтық білім беру мектебінің жоспарына сәйкес, Басқармада тоқсан сайын аппараттық жиналыстар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сондай-ақ басқарманың негізгі қызметіне қатысты заңдарға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру бойынша семинарлар өткізіліп тұрады.

Егер де, Сіз сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары көрінісіне тап болсаңыз, Сізге әрдайым Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасында 50-41 - 02 нөмірі бойынша немесе (call-center - 1424) көмектеседі.

Есіңізде болсын, Сіздің құпиялылығыңыз Қазақстан Республикасының заңымен қорғалған.

Қолданылған әдебиеттер:

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы» заңы

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» заңы

ҚР Елбасының «Қазақстан:2050» жолдауы

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы

«НұрОтан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігінің жаңа идеологиясы туралы», (Астана, 2014ж).

Құру күні: 22 Ақпан 2018

Түзету күні: 25 Маусым 2019

Опрос

Сайттың дизайнын бағалаңыз
  • Если вам стали известны сведения о планируемых актах террористической угрозы, либо вы стали свидетелем или сами подверглись вербовке, уговорам со стороны радикально настроенных лиц, узнали, что кто-то распространяет литературу или другую информацию, пропагандирующую терроризм и религиозный эктремизм, просьба, не задумываясь, позвонить на номер 110
Авторские права © 2012-2015 «Управление предпринимательства Карагандинской области»
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»