Погода в Караганде °C
USD EUR RUB
WAP Карта сайта
Версия для слабовидящих
home
home home

Аблаева Татьяна Юрьевна
Руководитель управления предпринимательства

Аблаева Татьяна Юрьевна

Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Сәлемдесу Сұрақ қою Сұрақтар мен жауаптар мұрағаты Жиі қойылатын сұрақтар


Egov-тің көмегі арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны қалай алуға болады?

Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) кейбір мемлекеттік қызметтерді еgov-тің көмегі арқылы үйден шықпай алуға мүмкіндік береді.

Онлайн ЭЦҚ алу үшін өтінім беру қажет. ХҚКО берілген өтінімді растау үшін бару керек. Онлайн режимде өтініш берместен бұрын компьютерге Java Runtime Environment (JRE) бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату қажет.  Бағдарламалық қамтамасыз етуді Java-ның ресми сайтынан жүктеуге болады. Одан кейін ҚР Ұлттық куәландыруші орталығының (ҰКО) түбірлі тіркеу куәліктерін орнату қажет. Бағдарламаны ҰКО сайтынан жүктеуге болады. Түбірлік тіркеу куәліктері Mozilla Firefox браузерінде орнатылатынлығын атап өтеміз.
Осы бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатқаннан кейін тіркеу куәліктерін шығаруға өтінім беру керек. Ол үшін  ҰКО сайтына кіру қажет. «ЭЦҚ кілтін алу» тарауында қажетті опцияны таңдау: «Жеке тұлғалар» немесе «Заңды тұлғалар».   Java бағдарламасы мен түбірлік тіркеу куәліктері орнатылып қойғандықтан, «өтінім беру» батырмасына басамыз. Әрі қарай жеке сәйкестендіру номері (ЖСН) көрсетілетін онлайн өтінімді толтыру қажет. Егер «Тексеру» деген батырманы бассаңыз, ал ЖСН мемлекеттік дерекқорларда болса, онда жеке деректері бар жолдар автоматты түрде толтырылады.
Заңды тұлғалар үшін бизнес-сәйкестендіру номерін (БСН) қосымша енгізу қажет. Деректер мемлекеттік дерекқорда болмаған жағдайда өз қалаңыздың әділет департаментіне бару қажет.
Электронды поштаның мекенжайын (e-mail) толтыру мұқияттылықты талап етеді. Егер электронды мекенжайда қате жіберілсе, тіркеу туралы хабарлама нақты мекенжайға келмейді. Одан кейін халыққа қызмет көрсету орталықтарында орналасқан ҰКО жақын жердегі тіркеу орталығын көрсету қажет. Одан кейін ЭЦҚ сақтау орнын көрсету керек. Жеке басын куәландыруға ЭЦҚ шығару тек жеке тұлғалар үшін ғана жүргізіледі. «Сақтау» деген жолда жабық кілт сақталатын папканы көрсету қажет. ХҚКО операторы өтінімді растағаннан кейін осы папкаға тіркеу куәліктері орнатылатын болады. Келесі терезеде өтінім номері шығады, оны толтыру қажет. Номер ҰКО тіркеу орталығында өтінімді сәйкестендіру үшін қажет болады. Одан әрі өтінімді сақтап, шығарып алу қажет. Сұрау бергеннен кейін өтінімде көрсетілген тіркеу орталығына бару қажет. Егер бір айдың ішінде тіркеу орталығына бармасаңыз, өтінімнің күші жойылады. Бұл ретте, өтінім номерін және өтініш берушінің қолы қойылған өтініш пен жеке куәлікті ұсыну қажет.
ХҚКО операторы өтінішті растағаннан кейін e-mail-ға ол туралы хабарлама жіберіледі. Өтінішті өңдеу және ҰКО тіркеу куәліктерін іздестіру екі тәуліктен аспайды. Одан кейін тіркеу куәліктерін сәтті шығарғаны туралы хат оны компьютерге орнату үшін сілтемесімен қоса жіберіледі. Сілтеме бойынша ауысқанан кейін өтініш номерін көрсету қажет, одан кейін оның мәртебесі туралы ақпарат пайда болады. Егер сертификат шығарылды деп көрсетілсе, сақтау орнын «Сіздің компьютер» деп көрсету қажет. Көрші жолда жабық кілттерді сақтау орнын көрсету. Егер кілттерді іздестіру жеке куәлікке жүзеге асырылған болса, тіркеу куәліктерді орнатқан кезде смарт-карталарды есептеу құрылғысына алдын ала жеке бас куәлігін салыңыз. Ал сақтау орны ретінде жеке бас куәлігін таңдаңыз. Барлық кезеңдерден сәтті өткеннен кейін папакада пайдалануға дайын жабық кілттері бар екі тіркеу куәліктері болады.
Электрондық цифрлық қолтаңба мемлекеттік қызметтерді тәулік бойына және аптасына 7 рет алуға мүмкіндік береді. Ең танымал қызметтер – мекенжай анықтамасын, бизнесті тіркеу анықтамасын, зейнетақы аударымдары туралы алу. ЭЦҚ үйден шықпай-ақ Жол жүру ережелерін бұзғаны үшін айыппұл төлеуге, баланы балалар бақшасына кезекке қоюға, дәрігердің қабылдауына жазылуға немесе үйге шақыруға мүмкіндік береді. Еgov-тің көмегі арқылы ЖОО қабылдануға, жұмыссыздық бойынша есепке тұруға, тұрғылықты жері бойынша тіркелуге және т.б. құжаттарды тапсыруға болады.

Ақпарат көзі: https://lsm.kz/kak-poluchit-elektronnuyu-tsifrovuyu-podpis-s-pomoshhyu-egov

Құру күні: 24 Ақпан 2017

Түзету күні: 06 Наурыз 2017

Опрос

Сайттың дизайнын бағалаңыз
  • Если вам стали известны сведения о планируемых актах террористической угрозы, либо вы стали свидетелем или сами подверглись вербовке, уговорам со стороны радикально настроенных лиц, узнали, что кто-то распространяет литературу или другую информацию, пропагандирующую терроризм и религиозный эктремизм, просьба, не задумываясь, позвонить на номер 110
Авторские права © 2012-2015 «Управление предпринимательства Карагандинской области»
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»