Погода в Караганде °C
USD EUR RUB
WAP Карта сайта
Версия для слабовидящих
home
home home

Аблаева Татьяна Юрьевна
Руководитель управления предпринимательства

Аблаева Татьяна Юрьевна

Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Сәлемдесу Сұрақ қою Сұрақтар мен жауаптар мұрағаты Жиі қойылатын сұрақтар


Новости города

15 Мамыр 2019Бизнесті жүргізу жеңілдігі: электр желілеріне қосылуды жеңілдету үшін қандай әрекеттер қолданылуда

Кәсіпкерлер үшін электр қуатымен жабдықтау жүйесіне қосылу рәсімі жеңілдетеді. Бұл көрсеткіш Doing Business рейтингіне әсер етеді. Бұл бағыттағы жұмыстар туралы ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды аумақтық департаментінде өткен дөңгелек үстелде айтылды.
Қатысушыларға Электр энергетикасы саласындағы заңнамалық жаңалықтар түсіндірілді. Электр қуатымен жабдықтау жүйесіне қосылу рәсімін жеңілдету және электр қуатымен жабдықтау сапасын жақсарту мақсатында жасалатын шаралар туралы департаменттің бас маманы Сәкен Сембиев баяндама жасады.
Электрмен жабдықтау желілеріне қосу кезінде талап етілетін екі рұқсат беру рәсімі жойылды, деп атап өтті ол. Енді қажетті құжаттарды рәсімдеу аз уақыт алатын болады.
Кәсіпкерлер үшін электр қондырғыларының белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейін тұтынушыларды электр желілеріне қосуға техникалық шарттар беру мерзімі 14-тен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Жобалық шешімдерді энергия беруші/жабдықтаушы ұйыммен келісуге және электр энергиясын жеткізуге үш күн ішінде шарт жасасуға болады. Бұрын бұл құжаттарды рәсімдеуге 20 күннен артық уақыт қажет болатын.
Сонымен қатар бұдан былай тұтынушылар үшін электр қондырғыларының белгіленген қуаты 5 МВт-қа дейінгі желіге қосылуға өтінім берген кезде бұрыңғыдай сыртқы электрмен жабдықтау схемасын қоса берудің қажеті жоқ. Бұған қоса, сараптамалық қорытынды бойынша талап та алынып тасталды.
Электр энергиясын пайдалану ережелері біршама өзгерді. Бұл құжатпен қуатына байланысты жаңадан іске қосылатын немесе қайта жаңартылатын электр қондырғыларын қосуға техникалық шарттарды беру мерзімдері белгіленді. Осылайша, 200 кВт - қа дейін – 5 жұмыс күні ішінде; 200-ден 1000 кВт-қа дейін -10 жұмыс күні ішінде, 1000 кВт - тан жоғары – 15 жұмыс күні ішінде берілуі тиіс.
Сондай-ақ техникалық шарттарды беру және қайта ресімдеу үшін төлем алынбайды.
Құрылыс-монтаж жұмыстарына рұқсат алудың да қажеті жоқ. Жобалаушы жұмыстардың басталғаны туралы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына ғана хабарлауы тиіс. Оны электрондық хат ретінде жіберсе де жеткілікті.
Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органнан электр желілеріне қосуға рұқсаты талап етілмейді.
Электрмен жабдықтау шартын жасасудың бір апталық мерзімі үш күнге дейін қысқартылды.
 


Вернуться назад

Опрос

Сайттың дизайнын бағалаңыз
  • Если вам стали известны сведения о планируемых актах террористической угрозы, либо вы стали свидетелем или сами подверглись вербовке, уговорам со стороны радикально настроенных лиц, узнали, что кто-то распространяет литературу или другую информацию, пропагандирующую терроризм и религиозный эктремизм, просьба, не задумываясь, позвонить на номер 110
Авторские права © 2012-2015 «Управление предпринимательства Карагандинской области»
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»