Погода в Караганде °C
USD EUR RUB
WAP Карта сайта
Версия для слабовидящих
home
home home

Аблаева Татьяна Юрьевна
Руководитель управления предпринимательства

Аблаева Татьяна Юрьевна

Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Сәлемдесу Сұрақ қою Сұрақтар мен жауаптар мұрағаты Жиі қойылатын сұрақтар


Новости города

18 Мамыр 2019Қарағандыдағы Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы саябақта 400 ағаш отырғызылды

Бүгін Қарағанды қаласының Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы саябағында 400 жасыл желек отырғызылды. Оның 250-і қарағай, 150-і жөке ағаштары.
Сенбілік кезінде кеншілер шаһарында жүздеген ағаштар отырғызылды. Оған облыс және қала әкімдері, қалалық және облыстық мәслихат депутаттары, Nur Otan партиясының және Қоғамдық кеңестің мүшелері қатысты.
- Менің алғашқы отырғызған ағашым әлі есімде. Бұл мектеп жылдары болған еді, - деді облыс әкімі Ерлан Қошанов. - Біз сол кезде саябақ жасаған едік, жыл сайын ағаштар отырғыздық. Өткен аптада мен сол жерде болып қайттым. Бұл Шет ауданындағы Жарық стансасы, қазір ол Сәкен Сейфуллиннің есімімен аталады. Бүгінгі таңда мен оқыған мектептер жоқ, ал саябақ әлі күнге дейін өсіп келеді.
Бүгін отырғызылған қарағайлар мен жөкелдерді Қарағанды саябақтары мен гүлзарлары басқармасының қызметкерлері күтетін болады. Ағаштарды желден қорғау үшін тіректерге байлайды және аптасына екі рет суарып отырады.
Ерлан Қошанов облыстың қалалары мен аудандарын көгалдандыру басты міндеттердің бірі екенін атап өтті. Ол осы салада жүйелік тәсіл қолдануды талап етті. Қазір Теміртауда дендрологиялық жоспардың екінші кезеңі әзірленуде. Ол қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін қажет.
Сонымен қатар, жақын арада Балқашта «Жасыл кеңес» жұмыс істей бастайды.
Облыс әкімінің айтуынша, ағаштардың жерсінуі қатаң бақыланады. Сонымен қатар, сәуір айында құрылған жасыл желектердің электрондық картасы да көмектеседі. Онда Қарағандының барлық ағаштары мен бұталары, олардың жасы, түрі, мөлшері және жағдайы көрсетілген. Картаға жаңадан егілген көшеттер туралы мәліметтер енгізіледі. Осылайша, отырғызылған ағаштардың қанша болғанын тексеруге болады.
 


Вернуться назад

Опрос

Сайттың дизайнын бағалаңыз
  • Если вам стали известны сведения о планируемых актах террористической угрозы, либо вы стали свидетелем или сами подверглись вербовке, уговорам со стороны радикально настроенных лиц, узнали, что кто-то распространяет литературу или другую информацию, пропагандирующую терроризм и религиозный эктремизм, просьба, не задумываясь, позвонить на номер 110
Авторские права © 2012-2015 «Управление предпринимательства Карагандинской области»
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»