Погода в Караганде °C
USD EUR RUB
WAP Карта сайта
Версия для слабовидящих
home
home home
Аблаева Татьяна Юрьевна
Руководитель управления предпринимательства

Аблаева Татьяна Юрьевна

Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Сәлемдесу Сұрақ қою Сұрақтар мен жауаптар мұрағаты Жиі қойылатын сұрақтар


Новости города

09 Қазан 2019Қарағанды облысында «Автобус» жедел алдын алу шарасы басталды

Қарағанды облысында «Автобус» жедел алдын алу шарасы басталады. Акция 10-17 қазан аралығында өтеді. Полиция қызметкерлері, экология департаментінің және көліктік бақылау инспекциясының өкілдері бір апта бойы автобустар мен маршруттарды техникалық регламентке сәйкестігін тексеріп, жүргізушілердің жол жүру ережелерін сақтауын қадағалайтын болады.
Тек қалалық автобустар ғана емес, қалааралық қоғамдық көліктер де тексерілуде. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары жолаушылар мен багажды тасымалдау ережелерін сақтауға, пайдаланылатын газдардағы зиянды заттардың деңгейін өлшеуге назар аударады.
- Автобус жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін сақтауын үнемі қадағалаймыз. Жыл басынан бері 654 заң бұзушылық тіркелді. Оның 55-і жолаушылар мен багажды заңсыз тасымалдауға қатысты болды, - деді Қарағанды облысы бойынша Полиция департаменті басшысының орынбасары Құрманғали Ысмағұлов.
Қарағанды облысының экология департаментінің зертханалық –аналитикалық бақылау бөлімінің бас маманы Людмила Трушинаның айтуынша, 2018 жылдың басынан 2019 жылдың қазан айына дейін пайдаланылған газында зиянды заттар белгіленген нормадан асқан 49 автобус пен маршрут анықталды. Осы көлік иелеріне 2 АЕК көлемінде айыппұл салынып, оларға аталмыш олқылықты жою туралы ұйғарым берілді.
«Автобус» жедел алдын алу іс-шаралары шеңберінде техникалық регламентке сәйкестігі туралы жалған қорытынды беретін техникалық байқау станциялары да анықталады. Жалған анықтама бергендерге айыппұл және кәсіпкерлік қызметке уақытша тыйым салу қаупі төніп тұр.
 


Вернуться назад

Опрос

Сайттың дизайнын бағалаңыз
  • Если вам стали известны сведения о планируемых актах террористической угрозы, либо вы стали свидетелем или сами подверглись вербовке, уговорам со стороны радикально настроенных лиц, узнали, что кто-то распространяет литературу или другую информацию, пропагандирующую терроризм и религиозный эктремизм, просьба, не задумываясь, позвонить на номер 110
Авторские права © 2012-2015 «Управление предпринимательства Карагандинской области»
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»