Погода в Караганде °C
USD EUR RUB
WAP Карта сайта
Версия для слабовидящих
home
home home
Аблаева Татьяна Юрьевна
Руководитель управления предпринимательства

Аблаева Татьяна Юрьевна

Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Сәлемдесу Сұрақ қою Сұрақтар мен жауаптар мұрағаты Жиі қойылатын сұрақтар


Новости города

14 Қаңтар 2020Қарағанды облысында биыл полицейлер мен құтқарушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы басталады

Қарағанды облысының полиция департаментінде 2019 жылғы жұмыс қорытындысы шығарылып, алдағы жылға міндеттер талқыланды. Отырысқа облыс әкімі Жеңіс Қасымбек, облыс прокуроры Марат Сексембаев, ПД бастығы Ерлан Файзуллин қатысты.

Облыс әкімі полицейлер жұмысының маңыздылығын атап өтті. Басты міндет – тұрғындарды әділ және тиімді қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту. Жергілікті билік, өз кезегінде, полицейлерге материалдық-техникалық базамен және қызметкерлер үшін тұрғын үймен көмектеспек.
- Жақын арада 200 қызметтік автокөлік, оның ішінде жеңіл автокөліктер, автобустар және басқа да арнайы техника сатып алу жоспарлануда. Сондай-ақ, тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен бірге ішкі істер органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасын жүзеге асыруды бастаймыз. Жыл соңына дейін алғашқы кілттерді тапсыру жоспарланып отыр, - деді Жеңіс Қасымбек.
Ол жалпы облыс бойынша тұрғын үй құрылысының көлемі бір жарым есеге артатынын атап өтті. Қарағандыда бұл көрсеткіш екі есе ұлғаяды. 430 мың шаршы метр тұрғын үй салынады, оның бір бөлігі ПД және ТЖД қызметкерлеріне арналған.
Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин полиция жұмысын қорытындылай келе, өңірдегі қылмыс деңгейі төмендегенін хабарлады. 2019 жылы - 25%-ға. Жалпы бұл үрдіс соңғы бес жылда байқалып отыр. Полиция мәліметтеріне сәйкес, алдын алудың арқасында қылмыс азаюда. Бұл жерде қалалар мен ауылдарда бейнебақылау жүйесі үлкен көмек көрсетеді. Өңірде барлығы 4830 бейнебақылау камералары орнатылған. Оның 1138-і жедел басқару орталығына сигнал береді.
- Камералар көше қиылыстарында, азаматтар көп жиналатын жерлерде және қоғамдық орындарда орнатылған. Өткен жылы бейнебақылау камераларының көмегімен 479 қылмыс ашылды. Бұл 2018 жылға қарағанда айтарлықтай көп. 24 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде жол қауіпсіздігі бойынша – 16 мың, - деп атап өтті Ерлан Файзуллин.
Ол сондай-ақ, қылмыстарды полицейлерге ашуға өңір тұрғындары да көмектесетінін атап өтті. Қазір облыста 147 қоғамдық құрылымдар мен 89 волонтерлік қозғалыстар тіркелген. Үш мыңға жуық еріктілер полицейлермен бірлескен рейдтерге қатысуда. Олар хабар-ошарсыз жоғалған адамдарды іздестіруге көмектеседі, қолайсыз отбасылармен жұмыс істеуге қатысады, қоғамдық тәртіпті сақтауға көмектеседі.
Ерлан Файзуллин атап өткендей, алдағы уақытта полиция қылмыс деңгейін төмендетуге дәйекті түрде қол жеткізетін болады. Ал өзінің күнделікті жұмысында ең қатаң стандарттар мен талаптарға бағдарлануы тиіс. Басты міндет – азаматтарға мемлекеттік қызметтерді тез және сапалы көрсету. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге сервистік көзқарас тұжырымдамасы енгізілуде. «Азаматтарға арналған қабылдау» жобасы іске асырылды, жоспарланған 10 фронт-кеңсенің 5-уі ашылды.
- Біздің облыс тұрғындары мен қонақтары полиция қызметкерлеріне үндеу жолдағанда түсіністікті, адами қарым-қатынасты, ал олардың құқықтары мен бостандықтары сенімді қорғалатынына сенімді болуы тиіс, - деді Ерлан Файзуллин.
Облыс прокуроры Марат Сексембаев өз баяндамасында биылғы жылы кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстардың, сондай-ақ мал ұрлығының алдын алуға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.
- Осыған байланысты прокуратура полициямен бірлесіп белсенді жұмыс істейтін болады, - деді Марат Сексембаев.
 


Вернуться назад

Опрос

Сайттың дизайнын бағалаңыз
  • Если вам стали известны сведения о планируемых актах террористической угрозы, либо вы стали свидетелем или сами подверглись вербовке, уговорам со стороны радикально настроенных лиц, узнали, что кто-то распространяет литературу или другую информацию, пропагандирующую терроризм и религиозный эктремизм, просьба, не задумываясь, позвонить на номер 110
Авторские права © 2012-2015 «Управление предпринимательства Карагандинской области»
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»