Погода в Караганде °C
USD EUR RUB
WAP Карта сайта
Версия для слабовидящих
home
home home
Аблаева Татьяна Юрьевна
Руководитель управления предпринимательства

Аблаева Татьяна Юрьевна

Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Сәлемдесу Сұрақ қою Сұрақтар мен жауаптар мұрағаты Жиі қойылатын сұрақтар


Новости города

13 Ақпан 2020Қарағанды облысының соттарында тағы 10 фронт-кеңсе ашылады

Қарағанды облысының соттарында осы жылдың соңына дейін тағы да 10 фронт-кеңсе ашу жоспарлануда. Бұл туралы брифингте облыстық сот төрағасы Нұрсерік Шәріпов хабарлады.
Ол сондай-ақ облыс соттарында жұмыс істейтін Жоғарғы Соттың басым жобалары туралы айтты. «Соттан тыс татуласу» жобасы аясында Қарағанды облысында 5 татуласу орталығы ашылды және жұмыс істейді – Қарағанды және Сәтбаев қалаларында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Достық үйінде, Кәсіподақтар федерациясының үйінде, Осакаров ауданының оқушыларға қосымша білім беру орталығында, Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығының ғимаратында.
- Биылғы жылы Қарағандыда тағы бір Татуласу орталығын ашу жоспарлануда. Сондай-ақ, Қарағанды облысының аумағында 59 медиация кабинеті жұмыс істейді. 30 би кеңесі құрылды, оған бір жыл ішінде 105 өтініш түсті. Облыс орталығында осындай Би кеңесін ұйымдастыру жоспарда бар. «Үлгілі сот» жобасы аясында Қарағанды, Шахтинск, Абай қалаларының соттарында 11 фронт-кеңсе құрылды. Осы жылдың қаңтар айынан бастап осындай кеңсе Қарағанды ювеналды сотында жұмыс істейді. Жыл соңына дейін тағы 10 фронт-кеңсе ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл соттарда келушілердің ыңғайлылығы үшін барлық жағдай жасауға мүмкіндік береді: ресепшндер, сандық кезек, төлем терминалдары, қолайлы мәжіліс залдары мен күту орындары. Жергілікті жерде медиаторлар, адвокаттар, нотариустар кеңес береді, - дейді Нұрсерік Шәріпов.
Оның айтуынша, сот төрелігіне қолжетімділікті ұлғайту үшін 7 елді мекенде әкімдіктер жанынан «Виртуалды Сот» кабинеті ашылды.

 


Вернуться назад

Опрос

Сайттың дизайнын бағалаңыз
  • Если вам стали известны сведения о планируемых актах террористической угрозы, либо вы стали свидетелем или сами подверглись вербовке, уговорам со стороны радикально настроенных лиц, узнали, что кто-то распространяет литературу или другую информацию, пропагандирующую терроризм и религиозный эктремизм, просьба, не задумываясь, позвонить на номер 110
Авторские права © 2012-2015 «Управление предпринимательства Карагандинской области»
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»