Погода в Караганде °C
USD EUR RUB
WAP Карта сайта
Версия для слабовидящих
home
home home
Аблаева Татьяна Юрьевна
Руководитель управления предпринимательства

Аблаева Татьяна Юрьевна

Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Сәлемдесу Сұрақ қою Сұрақтар мен жауаптар мұрағаты Жиі қойылатын сұрақтар


Новости города

28 Ақпан 2020Қарағанды облысының тарихи-өлкетану мұражайында «Күйші - ғұмыр» шығармашылық кеші өтті

Қарағанды облыстық тарихи - өлкетану мұражайында композитор, күйші Тәттімбет Қазанғапұлының 205 жылдығына арналған «Күйші-ғұмыр» атты музыкалық-шығармашылық кеш өтті . Ол «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ жанындағы «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған.
Тәттімбет Қазанғапұлы – композитор, күйші-домбырашы, шертпе-күй орындау мектебінің негізін қалаушылардың бірі, болыс билеушісі және дипломат, кәсіпкер-алтын өндіруші. Оның шығармашылығы қазақ домбыра мектебін құруға үлкен үлес қосты және қазақ жерінің түпкір-түпкіріне тарады.
Іс-шараға қатысушылар көрермендерге Қазақстанның ұлы композиторының өмірі туралы әңгімеледі. Жастар алдында медицина ғылымдарының кандидаты медициналық интерколледждің директоры Аманжол Нұрбеков Тәттімбеттің геолог ретіндегі қызметі туралы айтып, өзінің барлық күш-жігері мен беделін қазақ даласында өнеркәсіпті дамытуға бағыттағанын атап өтті. Тәттәмбет Қазақстанның алтын өндіру саласының бастауында тұрды. Мыржық қаласында Маныбай бұлағының жанында Шайырғалы шахтасы сақталған.
Сондай-ақ кездесуде Тәттімбет атындағы өнер колледжінің халық аспаптар бөлімінің меңгерушісі Жанқаш Жұмабеков күйші шығармашылығының нәзік лиризмін, терең психологизмін, оның ән шығармашылығының ерекше бейнелі күшін атап өтті. Композитордың көптеген күйлері қазіргі опера, симфониялық, камералық-аспаптық шығармаларда қолданылған – ол Брусиловскийдің «Қыз – Жібек» және Жұбанов пен Хамидидің «Абай» операларында және т.б шырқалған «Былқылдақ», «Қосбасар» күйлері.
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында біз Тәттімбеттің 205 жылдығына арналған музыкалық-шығармашылық кеш өткізуді шештік. Біздің қонақтар - ғалымдар, жазушылар және музыканттар жастарға Тәттімбет Қазанғапапұлының өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімеледі. «Ұлы даланың ұлы адамдары» деген ұранмен біз осындай кештер өткіземіз, - деді өлкетану мұражайының директоры Ержан Нұрмағамбетов.
Кеште мамандандырылған музыка мектеп-интернатының педагогтары, Қарағанды өнер колледжінің халық аспаптар ансамблінің 4-курс студенттері, «Арқа сазы» фольклорлық ансамблі «Сарыжайлау», «Бес Торе», «Былқылдақ», «Сылқылдақ», «Қосбасар» шығармаларын орындады.
 


Вернуться назад

Опрос

Сайттың дизайнын бағалаңыз
  • Если вам стали известны сведения о планируемых актах террористической угрозы, либо вы стали свидетелем или сами подверглись вербовке, уговорам со стороны радикально настроенных лиц, узнали, что кто-то распространяет литературу или другую информацию, пропагандирующую терроризм и религиозный эктремизм, просьба, не задумываясь, позвонить на номер 110
Авторские права © 2012-2015 «Управление предпринимательства Карагандинской области»
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»