Погода в Караганде °C
USD EUR RUB
WAP Карта сайта
Версия для слабовидящих
home
home home
Аблаева Татьяна Юрьевна
Руководитель управления предпринимательства

Аблаева Татьяна Юрьевна

Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Сәлемдесу Сұрақ қою Сұрақтар мен жауаптар мұрағаты Жиі қойылатын сұрақтар


Жаңалықтар

Қарағанды облысында бизнес нысандарының қызметін қайта бастауға өтінімді қалай беру керек


Нысандарын ашқысы келетіндердің барлығы қызметті қайта бастау туралы хабарлама береді: қоғамдық тамақтану, СО және БО (өтінімді әкімшілік береді), дүкендер, сұлулық салондары және т.б. Егер нысан жартылай немесе толық ашық болса, онда өтінім берудің қажеті жоқ.

Хабарлама объектінің (СО, БО, мейрамхана) аймақтың бас санитарлық дәрігерінің қаулысының талаптарына сәйкестігі туралы акт алуы үшін беріледі. Актінің болуы мониторинг топтарының тексерісінен босатпайды, олар талаптардың шын мәнінде сақталғанын тексереді.
Егер ұйым түрі тізімде болмаса, қызметті қайта бастауға рұқсат етілмейді. Өтінімдер тексерілетіндіктен жалған хабарламалар беру сізге нысаныныңызды ашуға мүмкіндік бермейді. 

Хабарламаны кім береді:
Егер сізде жеке ғимарат болса, дербес түрде беріледі. Егер сіз СО немесе БО-да үй-жайды жалға алсаңыз, онда СО немесе БО әкімшілігі сізден (және қызметті жаңартатын басқа барлық жалға алушылардың атынан) хабарлама береді.

Қалай беріледі:
1) Propusk.kz сайтында "Қызметті жаңарту" мәтінінің астында «сұранысты жіберу» батырмасын басыңыз.
2) Барлық жолақтарды толтырыңыз және "Әрі қарай" батырмасын басып "Мен робот емеспін" басуыңызды ұмытпаңыз.
3) Жаңа терезенің бас жағында, жақтауында "Бұл құжат" жолын тауып, соны басыңыз. Ұсынылған құжатты көшіріп алу, басып шығару және қол қою және/немесе мөр қою қажет. Егер сізде мөр (ЖК) болмаса, қол қойсаңыз жеткілікті.
4) Қол қойылған құжатты сканерлеңіз және "Скан жіберу" батырмасын басу арқылы сканды бекітіңіз.

Мәтіндік құжатты қайта бағыттаудың қажеті жоқ. Файл сканер пішімінде болуы керек (сурет).doc қайта жіберу қажет емес.
Өтінім мәртебесін кейінірек білуге болады, функционал әлі әзірленуде.


Вернуться назад

Опрос

Оцените дизайн сайта
  • Если вам стали известны сведения о планируемых актах террористической угрозы, либо вы стали свидетелем или сами подверглись вербовке, уговорам со стороны радикально настроенных лиц, узнали, что кто-то распространяет литературу или другую информацию, пропагандирующую терроризм и религиозный эктремизм, просьба, не задумываясь, позвонить на номер 110
Авторские права © 2012-2015 «Управление предпринимательства Карагандинской области»
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»