Погода в Караганде °C
USD EUR RUB
WAP Карта сайта
Версия для слабовидящих
home
home home
Аблаева Татьяна Юрьевна
Руководитель управления предпринимательства

Аблаева Татьяна Юрьевна

Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Сәлемдесу Сұрақ қою Сұрақтар мен жауаптар мұрағаты Жиі қойылатын сұрақтар


Жаңалықтар

Ұлытауды Қарағанды өңірінің туристік брендіне айналдырмақ


Биылғы жылы Ұлытауға өткен жылмен салыстырғанда 20 000 адамға артық келіпті. «Қазақтуризм» Ұлттық компаниясының мамандары оны Jezkiik этникалық музыка фестивалімен байланыстырып отыр. Халықаралық деңгейде өткен шара екінші жыл қатарынан Болатсай елді мекенінде өтті.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Ұлытау ауданында туризмді дамыту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

- Мемлекет басшысы Ұлытау ауданындағы туристік бизнесті дамыту жөнінде тапсырма берді. Бұл жерді өңірдің туристік брендіне айналдыру қажет, – деді ол.

Облыс әкімі Қарағанды-Жезқазған және Қарағанды – Қызылорда жолдарын жөндеу мәселесін шешуді де тапсырды. Сондай-ақ, Ұлытау қаласына сапар орталығын салуды жеделдету қажет екенін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған Jezkiik этникалық музыка фестивалі 22-24 тамыз аралығында Ұлытау бөктеріндегі Болатсай жерінде өтті. Сонымен бірге бұл күндері ауыл жастарының форумы мен халықаралық туристік форум ұйымдастырылды. Оған Түркия, Моңғолия, Германия және Қырғызстан туроператорлары қатысты. Туристік форумның қорытындысы бойынша «Қазақтуризм» Ұлттық компаниясы Моңғолия және Германия туроператорларымен, «Инди гайд» швейцариялық компаниясымен және Қазақстанның Скауттық қозғалысын ұйымдастырушылармен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Туристік форум мен этникалық музыка фестиваліне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Сахнада Венгрия, Испания, Италия, Сербия және Қазақстанның музыкалық ұжымдары өнер көрсетті.

Источник: https://karaganda-region.gov.kz/kk/news/id/27632

 


Вернуться назад

Опрос

Оцените дизайн сайта
  • Если вам стали известны сведения о планируемых актах террористической угрозы, либо вы стали свидетелем или сами подверглись вербовке, уговорам со стороны радикально настроенных лиц, узнали, что кто-то распространяет литературу или другую информацию, пропагандирующую терроризм и религиозный эктремизм, просьба, не задумываясь, позвонить на номер 110
Авторские права © 2012-2015 «Управление предпринимательства Карагандинской области»
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»