Погода в Караганде °C
USD EUR RUB
WAP Карта сайта
Версия для слабовидящих
home
home home
Аблаева Татьяна Юрьевна
Руководитель управления предпринимательства

Аблаева Татьяна Юрьевна

Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Сәлемдесу Сұрақ қою Сұрақтар мен жауаптар мұрағаты Жиі қойылатын сұрақтар


Жаңалықтар

Қарағандылықтарды кәсіпкерлік бойынша тегін курстарға шақырады


Қарағанды облысында «Бастау» жобасының кезекті кезеңі 9 қыркүйекте басталады. Бизнестің негіздерін оқып, үйренуге ниет білдіргендер қазірден бастап Кәсіпкерлер палатасының жергілікті филиалдарына өтініш бере алады.

Курстар тегін, және де тыңдаушылар 16 759 теңге көлемінде стипендия алады.

Курста өз ісін ашқысы келетін жұмыссыздар мен өз бетінше жұмыспен айналысушылар оқи алады. Бизнес-жаттықтырушылар әрекеттегі кәсіпкерлерге де деңгейін арттыруға көмектеседі. Жас мөлшеру бойынша ешқандай шектеулер жоқ.

Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу үшін тестілеу 7 қыркүйекте өтеді. Оның нәтижелері бойынша оқу топтары құрылады. Оқу 9 қыркүйекте басталады және 25 күнге созылады.

Бұл ағымда алғаш рет Қарағанды қаласының тұрғындары үшін қабылдау жарияланды. Бұған дейін жобаға тек ауылдық аудандар мен шалғай қалалардың тұрғындары қатысты.

Жоба келесідей кепілдіктер береді:

- бизнес-идеяларды бағалауға көмек;

- сауатты бизнес-жоспар құруға жәрдемдесу;

-сенімді тәлімгер (бизнес-тренер) тарапынан қолдау.

Ал ең бастысы – бизнес-жобаны қорғағаннан кейін қатысушылар өте тиімді шарттармен гранттар мен микронесиелер түрінде бастапқы капитал ала алады.

Қарағанды облысында осы бизнес-курстың әрбір үшінші түлегі өз ісін аша алды. Өңірдегі стартаптарды қаржыландыруға 2018 жылы 2,5 млрд теңге бағытталды. Бағдарламаға облыстың барлық қалалары мен аудандарының тұрғындары қатысты.

2019 жылы «Жас кәсіпкер» және «Бастау» жобалары бойынша облыстың 2350 жұмыссыз тұрғыны оқудан өтті. Жеңілдетілген шарттармен 400-ден астам жоба несиелендірілді. 500 тыңдаушы грантқа ие болып, оларды өз ісін дөңгелетуге жұмсады.

Курстарға өтінім беру үшін қандай құжаттар қажет?:

жеке куәліктің көшірмесі;

мекенжай анықтамасы;

дербес несиелік есеп;

БЖЗҚ көшірмесі.

Жергілікті жерде өтініш бланкісін және сауалнаманы толтыру қажет.

Жобаға қатысу үшін http://qoldau.atameken.kz/ (call-орталығы: 1432) сілтемесі бойынша тіркеуден өту қажет, немесе Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының аудандық немесе қалалық филиалына келесі мекен-жайлар бойынша немесе көрсетілген нөмірлер бойынша жүгіну керек:

- Қарағанды – Ермеков к-сі, 28 (1 қабат),

8 (7212) 506418, 8 777 525 28 61,

немесе Ермеков көшесі, 29 (317 кабинет)

- Ақтоғай ауданы - Ақтоғай а., К. Байсейтов к-сі, 2 үй, 8 (71037) 21-273

- Абай ауданы - Абай қаласы, Жеңіс даңғылы, 2в үй 8 (72131) 7-90-09

- Бұқар Жырау ауданы - Ботақара кенті, Абылай хан көшесі, 41Б үй,

8 (72154) 21-937

- Нұра ауданы - Нұра кенті, Тәуелсіздік көшесі, 37 үй, 8 (72144) 21-862

- Шет ауданы - Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай көшесі, 141а үй, 8 (71031) 21-641

- Қарқаралы ауданы - Қарқаралы қ., Әубәкіров к-сі, 34 үй,

8 (7214) 633-075

- Осакаров ауданы - Осакаровка кенті, Достық көшесі, 29 үй 8 (72149) 43-004

- Жаңаарқа ауданы - Атасу кенті, Тәуелсіздік көшесі, 22 үй, 8 (71030) 26-452

- Ұлытау ауданы - Ұлытау ауылы, Абай көшесі, 18-2 үй, 8 (71035) 21-415

- Теміртау - Димитров көшесі 100 үй, 8 (7213) 300972

- Шахтинск - Парковая к-сі, 11 үй 8 (72156) 4-95-96

- Балқаш - Шашубай ш.а., 3Б үй, Күлия БО, 8 (71036) 4 31 68

- Жезқазған - Ғарышкерлер гүлзары 35, 8 (7102) 760203

- Сәтпаев - Сәтпаев даңғ., 110 үй (каб.209), 8 (7102) 201007

- Абай - Жеңіс даңғылы 2, 8 (72131)7-90-09

- Саран - Кужанов көшесі, 2 үй 8 (72137) 79070

- Қаражал - 24 орам, 4 үй, 8 (71032) 260-15

- Приозерск - Достық к-сі, 7 кеңсе1, 8 (71039) 7 90 67.Источник: https://karaganda-region.gov.kz/kk/news/id/27632

Дереккөз: https://karaganda-region.gov.kz/kk/news/id/27735


Вернуться назад

Опрос

Оцените дизайн сайта
  • Если вам стали известны сведения о планируемых актах террористической угрозы, либо вы стали свидетелем или сами подверглись вербовке, уговорам со стороны радикально настроенных лиц, узнали, что кто-то распространяет литературу или другую информацию, пропагандирующую терроризм и религиозный эктремизм, просьба, не задумываясь, позвонить на номер 110
Авторские права © 2012-2015 «Управление предпринимательства Карагандинской области»
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»