Погода в Караганде °C
USD EUR RUB
WAP Карта сайта
Версия для слабовидящих
home
home home
Аблаева Татьяна Юрьевна
Руководитель управления предпринимательства

Аблаева Татьяна Юрьевна

Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Сәлемдесу Сұрақ қою Сұрақтар мен жауаптар мұрағаты Жиі қойылатын сұрақтар


Жаңалықтар

Қарағандыда бақылау-қадағалау органдары бизнес-қауымдастық алдында есеп берді


Қарағандыда бақылау-қадағалау органдарының алдында бизнес қауымдастығының бірыңғай есеп күні өтті. Бұл жоба осы жылы Қарағанды облысы әкімі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі комиссияның жұмысы аясында іске қосылды.

- Алғашқы осындай пилоттық кездесу Қарағанды облысында шілде айында өтті. Енді Бірыңғай есеп күні әр өңірде өткізіледі. Бүгін біз барлық бақылау-қадағалау органдарының өкілдерін жинадық. Олар кәсіпкерлер алдында есеп береді. Тексеру жүргізу барысында әкімшілік кедергілерді азайту үшін не істеу керектігі айтылады, - дейді Қарағанды облысы кәсіпкерлік басқармасының басшысы Татьяна Аблаева.

Оның айтуынша, бұл бизнестің дамуына көмектесу үшін жасалатын шара. Есепті тексеру жүргізіп, оларды прокуратурада тіркейтін 20 бақылау-қадағалау органы ұсынды.

- Біз тексеруді барынша азайтып, қателердің алдын алуға көбірек көңіл бөлгіміз келеді. Кездесудің басты мақсаты - бизнесмендер өз сұрақтарын тікелей қойып, нақты жауаптар мен шешімдер ала алуы үшін түсініктің ортақ нүктелерін табу, - деп атап өтті Татьяна Аблаева.

Бизнес-қауымдастық алдында 25 мемлекеттік орган есеп берді:

- Қарағанды облысы бойынша еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы;

- Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы;

- Қарағанды облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы;

- Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі;

- Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы;

- Қарағанды облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы;

- Қарағанды облысының Ветеринария басқармасы;

- Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті;

- Қарағанды облысының Тексеру комиссиясы;

- Қарағанды облысының Жергілікті полиция қызметі;

Қарағанды облысының Әділет департаменті;

- Қарағанды облысының ТЖД;

- Ішкі мемлекеттік аудит департаменті;

- Қарағанды облысы бойынша салық департаменті;

- Қарағанды облысының Статистика департаменті;

- Қарағанды облысының Көліктік бақылау инспекциясы;

- ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің департаменті;

- ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы;

- ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы;

- ҚР ЭМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаменті;

-ҚР АШМ СРК су ресурстарын пайдалануды және қорғауды реттеу жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы;

- ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті;

- ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті;

- Қарағанды облысы бойынша білім саласындағы бақылау департаменті;

- ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департаменті.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 30 қыркүйекте бизнес-қауымдастық алдында бақылау-қадағалау органдарының бірыңғай есеп беру күні болып тағайындалды. Осы жылы іс-шара бүкіл ел бойынша алғаш рет өткізілді, кейіннен ол жыл сайын өткізілетін болады.

Мұндай тапсырманы Президент Ұлттық инвесторлар кеңесі отырысының қорытындысы бойынша берді. «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы бастамашы болды.

 Дереккөз: https://karaganda-region.gov.kz/kk/news/id/28095


Вернуться назад

Опрос

Оцените дизайн сайта
  • Если вам стали известны сведения о планируемых актах террористической угрозы, либо вы стали свидетелем или сами подверглись вербовке, уговорам со стороны радикально настроенных лиц, узнали, что кто-то распространяет литературу или другую информацию, пропагандирующую терроризм и религиозный эктремизм, просьба, не задумываясь, позвонить на номер 110
Авторские права © 2012-2015 «Управление предпринимательства Карагандинской области»
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»