Погода в Караганде °C
USD EUR RUB
WAP Карта сайта
Версия для слабовидящих
home
home home
Аблаева Татьяна Юрьевна
Руководитель управления предпринимательства

Аблаева Татьяна Юрьевна

Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Сәлемдесу Сұрақ қою Сұрақтар мен жауаптар мұрағаты Жиі қойылатын сұрақтар


Жаңалықтар

Ұлытаудағы туристер ағыны екі жылдың ішінде екі есеге ұлғайды


Қарағанды облысының әкімі Ұлытау ауданына жұмыс сапары барысында туристік визит-орталық пен жаңа мұражайдың құрылысы қалай жүріп жатқанын тексерді. Ол сондай-ақ табиғи мұражай-қорықта болды.

- Қазір біздің өңірде туризмді дамыту бағдарламасы әзірленуде. Негізгі жоба - туристік визит - орталығын құру,-деді "Ұлытау" ұлттық тарихи - мәдени және табиғи қорық-мұражайының директоры Лейла Бақытова.

Сапар орталығы Ұлытау ауданында туризмді дамытудың қозғаушы күшіне айналуы тиіс. Құрылыс маусым айында басталды. Қазір сыртқы жұмыстар аяқталуда, бұдан кейін жоспар бойынша үй-жайлардың ішкі әрленуі және қасбетті абаттандыру көзделіп отыр.

- Біздің сапар орталығымызға ақпараттық блок, экспозициялық зал, қалпына келтіру шеберханасы, кітапхана, сондай-ақ сақтау камералары, 30 орындық жатақхана және асхана кіреді, - деп түсіндірді Лейла Бақытова.

Визит-орталықтың құрылысы туризмді дамыту бойынша "Ұлытау" қорық-мұражайының Үлкен жобасының бірінші кезеңі ғана. Ұлытауда пайда болатын келесі нысан этноауыл болады.

Мұражай-қорық қызметкерлерінің айтуынша, ауданға келетін туристер саны екі есе артты. Бұл көрсеткіш одан әрі өсуі мүмкін.

-Егер 2017 жылы біздің қорық-музейге 11 мың адам келсе, соңғы екі жылда олардың саны 24 000-ға жуық болды. Адамдарға біздің тарихымыз туралы, аймақтың киелі жерлері туралы көбірек білу қызықты. Бірақ, өкінішке орай, кейбір проблемалар бар. Ол жолдардың нашарлығы, қоғамдық тамақтану орталықтары және қызмет көрсету, - деді "Ұлытау" ұлттық тарихи - мәдени және табиғи мұражай-қорығының сәулет бөлімінің бастығы Баян Шайғозова.

Жеңіс Қасымбек өңірде туризмді дамыту қажет екенін атап өтті. Бұл өз кезегінде ауданда жаңа жұмыс орындарын құруға көмектеседі.

- Сіздер дұрыс сұрақтарды көтердіңіздер. Біз шетелдік қонақтар немесе біздің отандастарымыз болсын, Ұлытау қаласына барынша көп туристерді тартуымыз керек. Туризм саласын дамыта отырып, біз жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ете аламыз. Бұл үшін не істеу керек? Біріншіден, жолдардың сапасын жақсартуымыз тиіс. Келесі жылы ауданда жолдарды жөндеуге қосымша қаражат бөлеміз. Екіншіден, жергілікті халықты қызмет көрсетуге, қонақтарға қызмет көрсетуге үйрету қажет. Сондай-ақ, қонақ үйлер, қоғамдық тамақтану нысандарын салу және мұнда туристер келуі үшін барлық жағдай жасау міндеті тұр. Сапар орталығы мен жаңа мұражайдың құрылысын аяқтау керек, - деп қорытындылады Жеңіс Қасымбек.

Ұлытау ұлттық қорық-мұражайы табиғи және тарихи ескерткіштерді сақтау үшін құрылды. Мұнда Жошы хан, Алаша хан, Домбауыл кесенелері, Теректі әулие кешені, Басқамыр ежелгі қалашығы және басқа да көптеген тарихи дәуірлердің мұралары бар.

Барлығы 282 ескерткіш қорық-мұражай қорының тарихи-мәдени картасына енгізілген. Ұлытау ландшафтары Еуразияның басқа да дала аймақтарында теңдесі жоқ.

Дереккөз: https://karaganda-region.gov.kz/kk/news/id/28130


Вернуться назад

Опрос

Оцените дизайн сайта
  • Если вам стали известны сведения о планируемых актах террористической угрозы, либо вы стали свидетелем или сами подверглись вербовке, уговорам со стороны радикально настроенных лиц, узнали, что кто-то распространяет литературу или другую информацию, пропагандирующую терроризм и религиозный эктремизм, просьба, не задумываясь, позвонить на номер 110
Авторские права © 2012-2015 «Управление предпринимательства Карагандинской области»
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»