Погода в Караганде °C
USD EUR RUB
WAP Карта сайта
Версия для слабовидящих
home
home home
Аблаева Татьяна Юрьевна
Руководитель управления предпринимательства

Аблаева Татьяна Юрьевна

Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Сәлемдесу Сұрақ қою Сұрақтар мен жауаптар мұрағаты Жиі қойылатын сұрақтар


Жаңалықтар

Қарағандыда кәсіпкерлік қызметті қолдау бойынша Жол картасына қол қойылды


Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек пен Қазақстанның бизнес құқығын қорғау жөніндегі уәкілі Болат Палымбетов өңірдегі кәсіпкерлік қызметті қолдау жөніндегі 2020 жылға арналған Жол картасына қол қойды.

Құжат кәсіпкерлердің жүйелі проблемаларын шешуге мүмкіндік береді. Оның ішінде жер учаскелерін, жылу мен электр энергиясын қосудың техникалық шарттарын алу, бизнес субъектілері үшін коммуналдық қызметтердің тарифтерін бақылау және басқа да мәселелер қарастырылады.

Келесі жылдың ақпан айының басында өңірде жер телімдерін мониторингілеу үшін жұмыс тобы құрылмақ. Ол қандай жерді қалай игерілгенін және пайдаланылатынын анықтайтын болады. Топ құрамына Өңірлік кәсіпкерлер палатасының мүшелері, бизнесмендер, облыс прокуратурасының және басқа да құрылымдардың өкілдері кіреді.
Сондай-ақ осы уақытта алып қойылған жер учаскелерінің бірыңғай тізілімі жұмыс істейді, содан кейін оларды сауда-саттыққа немесе аукционға шығарады.

2020 жылдың наурызынан бастап Қарағанды облысының әкімдігі жанынан жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың іс-әрекетіне шағымдану жөніндегі келісім комиссиясы өз жұмысын бастайды.

Осы мерзімге қарай жергілікті атқарушы органдар бизнестің ауыл шаруашылығы субсидияларына қол жеткізуін жақсарту бойынша талдау жүргізіп, ұсыныстар енгізуі тиіс.
Жеңіс Қасымбек пен Болат Палымбетов сондай-ақ кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді. Кездесу барысында жергілікті бизнесмендер ең өзекті мәселелерді атап өтті. Сондай-ақ, жер телімдерін және электр мен жылуға қосылуға техникалық шарттарды алу туралы сұрақтар қозғалды. Сондай-ақ, тексеру, мемлекеттік сатып алу және мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы істерді сотта қарау бойынша теріс тәжірибе туралы сөз болды.

Жоғарыда аталған барлық мәселелер тұрақты негізде шешілетін болады. Қазірдің өзінде Қарағандыда бизнесті сумен қамтамасыз ету тарифі 20%-ға төмендетілді.

Коммуналдық қызметке қосылуға арналған техникалық шарттарды бір терезе қағидаты бойынша жұмыс істейтін Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан алуға болады. Бұл жүйенің мүмкіндіктерін 1600-ден астам кәсіпкер пайдаланды.

2018 жылдан бастап облыста кәсіпкерлерге қызмет және қолдау көрсетуге арналған жаңа «Atameken Services» онлайн-порталы іске қосылды. Бұл ретте қызмет көрсету мерзімі орташа есеппен 2 айдан 1-3 күнге дейін қысқарды.

 

https://karaganda-region.gov.kz/kk/news/id/28752


Вернуться назад

Опрос

Оцените дизайн сайта
  • Если вам стали известны сведения о планируемых актах террористической угрозы, либо вы стали свидетелем или сами подверглись вербовке, уговорам со стороны радикально настроенных лиц, узнали, что кто-то распространяет литературу или другую информацию, пропагандирующую терроризм и религиозный эктремизм, просьба, не задумываясь, позвонить на номер 110
Авторские права © 2012-2015 «Управление предпринимательства Карагандинской области»
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»