Погода в Караганде °C
USD EUR RUB
WAP Карта сайта
Версия для слабовидящих
home
home home
Аблаева Татьяна Юрьевна
Руководитель управления предпринимательства

Аблаева Татьяна Юрьевна

Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Сәлемдесу Сұрақ қою Сұрақтар мен жауаптар мұрағаты Жиі қойылатын сұрақтар


Жаңалықтар

Қарағанды облысында жас кәсіпкерлер көбеюде


Облыста еріктілер қозғалысы мен IT-қоғамдастық дамып келеді, билік білім беру орталығын, көркем және музыкалық мектептерді, студенттік жатақханаларды салуды жоспарлап отыр. Қарағандыда Жастар жылы қорытындыланды.

Аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысында жас кәсіпкерлердің көбейіп келе жатқанын айтты. Өткен жылмен салыстырғанда бұл сан 20%-ға артты. Қазір облыста 11 мың жас азаматтар өз бизнесін дамытуда. Оның ішінде мемлекеттің қолдауымен де. Жеңіс Қасымбектің айтуынша, биылғы жылы жалпы сомасы 87 млн теңгеге гранттар берілді. Бұл қаржыға жас бизнесмендер 114 жобаны жүзеге асыра алды. Сондай-ақ, ауыл кәсіпкерлері үшін жеке гранттар да бар. Олардың 10-ы мемлекет көмегінің арқасында биыл өз ісін аша алды.

- Біз гранттық қолдау өте тиімді деп есептейміз. Сондықтан форумдар мен конференцияларға артық шығындарды қысқартуға және оның орнына гранттар санын арттыруға шешім қабылданды. Келесі жылдан бастап облыс әкімі грантының жалпы сомасы 100 млн теңгені құрайды, - деді Жеңіс Қасымбек.

Ол сондай-ақ облыста жастар IT-қауымдастығы белсенді дамып келе жатқанын айтты. Қарағанды IT -хабын құру үшін келесі жылы қарағандылық технологиялық компаниялар үшін үлкен білім беру орталығын ашу жоспарлануда. Шығармашылық балаларды қолдау үшін облыстық балалар мен жеткіншектер Сарайының құрылысы басталды. Қарағандыда көркем және музыка мектептерінің жаңа ғимараттары бар.

Алдағы 4 жылда жабдықтарды жөндеу мен жаңартуды талап ететін барлық білім беру нысандары жаңғыртылатын болады. Жалпы 542 ескі ғимаратты жөндеуге және 11 жаңа ғимараттың құрылысына 40 млрд теңге қарастырылған.

Келесі жылы Қарағанды облысында жастар денсаулық орталығы ашылады. Онда білікті медициналық, әлеуметтік, психологиялық көмек алуға болады. Студенттер жатақханалары мен 300 орындық университеттік клиниканың құрылысы басталады.

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі де төмендеуде. Бұл туралы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсем Жүніспекова мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының», «Бастау бизнес» және «Жас кәсіпкер» білім беру жобаларының арқасында жүзеге асады.

«Қарағанды облысында 2019-2021 жылдарға арналған жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша жол картасы» әзірленді. Ол 29 пункттен тұрады, қазір аталмыш құжат бекіту сатысында.

Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Нұржан Жетпісбаев келесі жылға арналған жоспарлар туралы айтып берді.

- Біз жастардың түрлі санаттарын жұмысқа орналастыру мәселесіне назар аударамыз. Бұл жұмыстар әлі жалғасады. Келесі жыл еріктілер жылы болып жарияланды. Облыс бойынша 89 волонтерлік клуб жұмыс істейді. Онда 5000-нан астам адам қызмет етеді. Келесі жыл біз үшін нақты істер жылы болады, - деді Нұржан Жетпісбаев.

Қарағанды облысының әкімі қорытындылай келе, биылғы жылы жастардың дамуына басты назар аударғанын атап өтті. Алайда, келесі жылы да жұмыс жалғасады.

Қарағанды облысында қазір 14-29 жас аралығындағы 281 406 жас өмір сүреді.

 

https://karaganda-region.gov.kz/kk/news/id/28835


Вернуться назад

Опрос

Оцените дизайн сайта
  • Если вам стали известны сведения о планируемых актах террористической угрозы, либо вы стали свидетелем или сами подверглись вербовке, уговорам со стороны радикально настроенных лиц, узнали, что кто-то распространяет литературу или другую информацию, пропагандирующую терроризм и религиозный эктремизм, просьба, не задумываясь, позвонить на номер 110
Авторские права © 2012-2015 «Управление предпринимательства Карагандинской области»
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»