Погода в Караганде °C
USD EUR RUB
WAP Карта сайта
Версия для слабовидящих
home
home home

Аблаева Татьяна Юрьевна
Руководитель управления предпринимательства

Аблаева Татьяна Юрьевна

Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Сәлемдесу Сұрақ қою Сұрақтар мен жауаптар мұрағаты Жиі қойылатын сұрақтар


Табиғат парктері

Қарқаралының мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы

Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи парк - Қарағанды облысында орналасқан Қазақстанның ұлттық паркі. Қазақстанның айрықша қорғалатын табиғи аймақтар қатарына кіреді. Аймақтың табиғи қорғау бағалылығы Орталық Қазақстанға ғана тән түрлі ландшавттармен белгілі. 1998 жылдың 01 желтоқсанында № 212, ҚР Өкіметінің қаулысымен ұйымдастырылған. 2009 жылдың 6 ақпанындағы № 122 «Қарағанды облысының айрықша қорғалатын табиғи жерлер туралы мәселелер» ҚР Өкіметінің Қаулысымен парк аумағы 90323 гектардан 112120 гектарға ауқымданды.

Флора. Негізі орманды құрайтын тұқымдар. Қарағай, аққайын, көктерек, тал, арша. Флораның өзгешелігі- мұз дәуірі кезінен қалған өсімдіктерінің көптігі, сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктердің түрі 66. Қызыл кітапқа еңгізілген өсімдіктер: Қарқаралы бөріқарақаты,сфагнум мүкі.

Фауна. Қосмекендінің 2 түрі, рептилияның 6 түрі, сүтқоректілердің 40 түрі және 114 құстар түрі.
Ауа райы. Қарқаралы ұлттық паркінің ауа райы айналадағы аймаққа қарағанда бір қалыпты. Ауаның жылдық орта температурасы - 2 градус жылы. Шілдеде көбіне +18,+20 градус, қаңтарда -12,-15 градус.

Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жылда жүйелілік зерттеулер жүргізіледі. Ұлттық парктің құрылуынан бастап бұл жерде мемлекеттік инспекторлардың және өздерінің бақылауларының нәтижелерін біріктіретін ғылыми бөлім жұмыс істейді. Көп жыл бойы Е. А. Бөкетов ат. ҚарМУ ғылымдары мен студенттерінің базасы болатын, бұл жерде биология мен экологиядан классикалық жұмыстар жүргізілген, жылда археологиялық зерттеулер жүргізіліп отырады.

Қазіргі кезде мемлекеттік ұлттық табиғи парктің қызметі, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы Министрлігі ішіндегі «Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті» бекіткен «Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі туралы» Ережемен белгіленеді.

«Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи парк

«Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи парк – 2011 жылдың 11 наурызында құрылған Қазақстан ұлттық паркі. Қазақстандағы он екінші ұлттық парк, ҚР АШМ орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен «2011-2014 жылдарға Жасыл Даму» салалық бағдарламасын орындау мақсатында құрылған. Парк Ақмола облысының Ерейментау ауданында (солтүстік бөлігі- 60814 га) және Қарағанды облысының Осакаров ауданында (оңтүстік бөлігі- 28154 га) орналасқан. «Бұйратау» паркінің құрамына жергілікті аттас аймақтық табиғи парк, республикалық деңгейдегі Белодым мен Ерейментау мемлекеттік табиғи қорықшалар кірді. Флора. Флора құрамында 30 аса сирек және жойылып бара жатқан түрлер және қысқарып бара жатқан ареал: желімді қарарағаш, сібір скердасы, қырыққұлақ қалампыршөп, көктем жанаргүлі, ашылған сырқырау, сынғыш пузырник, дала сәлдегүлі, Геснер қызғалдағы, қарға көзі, эльб вудсиясы.

    

 Фауна. Ұлттық парктің фаунасында бес отряд және 15 тұқымдастарға жататын, 45 сүтқоректілер түрі бар, ол Қазақстанда 71 % және 39 % таксон (топтар) құрайды. Саябақ аумағының кіші тауларында басқа популяциялардан оңашалаңған солтүстіктік Ерейментау архары тұрады, олардың саны 200.

«Ұлытау» ұлттық тарихи- мәдени және табиғи мұражай- қорық.

Ұлытау ұсақтөбешікті жер- Орталық Қазақстанның табиғи және тарихи- мәдени жағынан бірегей жер. Ол елдің географиялық орталығында орналасқан және қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Бұл жерде тарих пен мәдениеттің көптеген ескерткіштері, сонымен қатар «Ұлытау» тарихи- мәдени мұражай- қорығы орналасқан.

Ұлытау мемлекеттік комплекстік табиғи қорықша 19,3 мың га аумағымен, мемлекеттік орманның қор жерінде орналасқан және « Орман және жануарлар әлемін қорғайтын Ұлытау шаруашылығы» ММ күшімен қорғалады. Бұл жердің орманы аққайынның тырбық бұталары мен көктеректен тұрады, олар төмпешіктердің көлеңке жақтарында, алқаптар мен тау шатқалдарында өседі.

 Ұлытауда түріктілдес тайпаларың қалаушы Жошы хан мен Алаша хан кесенелері орнатылған. Бұл жерде Алтын Орданың ханы Тоқтамыш хан, атақты орда қолбасшысы Едіге әмір жерленген. Осы адамдардың аттары халық ауыз әдебиетінде мәңгілік еске қалдырылған (Алтай, Орал, Крым, солтүстік Кавказ және Өзбекстан фольклорында). Қарағанды облысының Ұлытау ауданы мәдениет тарихы мен шығыс және Еуразия халықтарының орналасу географиясына шетел саяхатшылары қызығатын Меккесіне айналған.

 Ұлытауда сақталған ескерткіштер палеолит пен неолит заманында көтерілген. Аудан аумағында 636 ескеркіш бар, оның 282 «Ұлытау» мұражайының тарихи мәдени қорына кіргізілді. Ұлытауды «көл мен бұлақтар мекені» деп атайды. Ұлытау тау бұлақтары суларының емдік қасиеттері туралы осы аймақтан алыс жерлерде де білген.

Құру күні: 20 Мамыр 2016

Түзету күні: 20 Мамыр 2016

Опрос

Сайттың дизайнын бағалаңыз
  • Если вам стали известны сведения о планируемых актах террористической угрозы, либо вы стали свидетелем или сами подверглись вербовке, уговорам со стороны радикально настроенных лиц, узнали, что кто-то распространяет литературу или другую информацию, пропагандирующую терроризм и религиозный эктремизм, просьба, не задумываясь, позвонить на номер 110
Авторские права © 2012-2015 «Управление предпринимательства Карагандинской области»
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»