Погода в Караганде °C
USD EUR RUB
WAP Карта сайта
Версия для слабовидящих
home
home home
Аблаева Татьяна Юрьевна
Руководитель управления предпринимательства

Аблаева Татьяна Юрьевна

Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Сәлемдесу Сұрақ қою Сұрақтар мен жауаптар мұрағаты Жиі қойылатын сұрақтар


Спорттық туризм объектілері

«Қарағанды-Арена» — Қарағанды қаласындағы мұз сарайы, «Сарыарқа» кәсіби хоккей клубының үй аренасы, 5500 көрерменге арналған.
3 қабатты ғимаратта көрермендерге арналған трибуналарымен бірге хоккей корты, конференц-зал, дене қыздыруға арналған құрғақ зал, тренажёр залы, 8 стандартты киім ауыстыру бөлмесі, кафе, гардероб, гимнастика залы, екі VIP кабина, дәрігер кабинеті, жаттықтырушыларға, төрешілерге, бұқаралық ақпарат құралдарына, радио торабына арналған бөлме бар. Аренада көрермендерге ыңғайлы жағдай қарастырылған, ауа темпаратурасы үнемі 15-20 градус жылылықты ұстап тұрады. Сыртқы киімді гардеробта шешуге болады, матч өтіп жатқан кезде кафе және буфет жұмыс істейді.

«Серік Сәпиев атындағы бокс орталығы» - бұл 800 орындық спорттық-демалыс кешені. Объектде қазіргі заманға лайықты зал, 800 көрерменге арналған орын, заман талабына сай кәсіби дыбыс және жарық сүйемелдеуі, толық түсті LED – дисплейі бар. для залов. Орталық залда спорттың көптеген түрлерінен сайыстар өткізуге болады, олар: футзал жаттығулары, стол теннисі, күш жекпе-жектері, семинарлар, тренингтер, мастер кластар, концерттер, шоу-бағдарламалар, би конкурстары.

«Теннис орталығы» спорт кешенінің 3 қабатында орналасқан. Объек соңғы құрылыс үлгісінде салынған, барлық әлемдік талаптарға және халықаралық спорт ұйымдарының барлық талаптарына жауап береді, Орталық кәсіби спортшыларды дайындау орталығы ғана емес, сонымен қатар Қарағанды қаласы тұрғындарының бұқаралық спортпен айналысу орталығы ролін де атқарады. Теннис орталығының жалпы көлемі 5300 шаршы метрді құрайды. Объектде 3 жабық және 4 ашық теннис корттары бар. 400 орындық көрермен залы бар, сондай ақ шешіну орыны, спорт командаларына қосалқы бөлмелер, тренажер залы бар. Сонымен қатар кешенде 15 орындық қонақ үй, конференц-зал және комментатор кабинеті бар.

«Н. Әбдіров атындағы спорт сарайы» жүзу спортымен айналысуға таптырмайтын орын.Спорт кешенінде балалар мен жасөспірімдерге арналған жүзуден топтық сабақтар жүргізіледі.Тәжірибелі инструкторлар қызмет атқарады.
Қарағанды қаласының ең үлкен бассейніне қош келдіңіздер.

«Шахтер» стадионы - 1958 жылы салынған. Алғашқы аумағы 2,6 гектар болған, бірақ келе-келе оған жапсарлас бірнеше құрылыс нысандары салынып, алаңқайлар қосылды. Бүгінгі күнде қаланың бас спорттық аренасының аумағы 14 гектарға дейін жетті. Бұл жерде халайық футболмен ғана емес, жеңіл атлетика, бокс, пауэрлифтинг, бодибилдинг, конькимен жүгіру, городки, хоккей, үлкен және үстел теннисі, баскетбол, волейбол, ауыр атлетика, велоспорт, туризм, полиатлон, президенттік көрсайыс және мини-футбол сынды спорт түрлерімен айналыса алады. Қазақстан Футбол федерациясының деректері бойынша, «Шахтер» орталық стадионы Республикадағы адам ең көп келетін спорттық нысан. «Шахтер» стадионы көрермендер саны бойынша 29.10.2011 рекорд жасады. Стадионға 18900 жанкүйер келген болатын.

Тау-шаңғылық кешен – Теміртау қаласында
Қарағанды-Астана автожолының бойында Тау-шаңғылық кешен Қарағандыдан 25 км (20-25 мин жол) орналасқан. 2 беткейлі, яғни: бугельді көтергіш бірі, ал екіншісі арқанды көтергішпен жабдықталған. Бугельді көтергіші бар жағында жаңадан бастап келе жатқан спортшы-туристерге сырғанауға болса, сондай-ақ өз қабілетін дамытқан спортшыларға да болады.
Орналасу орыны: Теміртау қ. солтүстік-батыс бөлігі (промзона);
Іске қосылған күні: 2002 жылдың қаңтары;
Тау-шаңғылық трассасының ұзындағы: 1 – 605 метр; 2 – 278 метр;
Бір уақытта алғанда дем алушылар саны: 300 адам;
Ең жоғарғы нүктесі: 1740 метр;
Қонақ үйлері:
- 2 коттедж 15 жатар орын;
- 1 коттедж 4 жатар орын.
Прокат: баллондар мен шаңғылар

 

Құру күні: 20 Мамыр 2016

Түзету күні: 20 Мамыр 2016

Опрос

Сайттың дизайнын бағалаңыз
  • Если вам стали известны сведения о планируемых актах террористической угрозы, либо вы стали свидетелем или сами подверглись вербовке, уговорам со стороны радикально настроенных лиц, узнали, что кто-то распространяет литературу или другую информацию, пропагандирующую терроризм и религиозный эктремизм, просьба, не задумываясь, позвонить на номер 110
Авторские права © 2012-2015 «Управление предпринимательства Карагандинской области»
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»