Погода в Караганде °C
USD EUR RUB
WAP Карта сайта
Версия для слабовидящих
home
home home
Аблаева Татьяна Юрьевна
Руководитель управления предпринимательства

Аблаева Татьяна Юрьевна

Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Сәлемдесу Сұрақ қою Сұрақтар мен жауаптар мұрағаты Жиі қойылатын сұрақтар


Басшының 2015 жылғы есебі

«Бизнестің жол картасы – кәсіпкерлікті
ойдағыдай дамыту кепілі» мақаласы

Татьяна АБЛАЕВА, Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасының басшысы

Экономикалық қызметтің барлық салаларында шағын және орта бизнесті тұрақты дамыту үшін жағдай жасау басқарманың негізгі міндеті болып табылады.
Қарағанды облысында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 86 мыңға жетті, оның 76% дара кәсіпкерлер, 16%  шағын және орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары, ал 8% шаруа және фермер қожалықтары құрайды.     
Бұл сегментте шамамен 240 мың адам, немесе облыстың барлық экономикалық белсенді халқының үшінші бөлігі жұмыс істейді.
Олар 650 млрд. теңгеден астам сомаға өнім шығарып, жұмыстар мен қызметтерді көрсетеді.
Бұл бірінші кезекте «Бизнестің жол картасы 2020» бірыңғай бағдарламасын іске асыру арқасында мүмкін болып отыр, ол 2015 жылдың наурызынан бері жаңа форматта іске асырылып келеді. Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қолдаудың жұмыс істеп тұрған аспаптары сақталған әрі жетілдірілген, мемлекеттік қолдау шаралары 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағарламасымен жандандырылған, моноқалалардың, шағын қалалар мен ауылдардың кәсіпкерлерін ынталандырудың жаңа аспаптары ендірілген, кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау «бір терезе» қағидасымен шоғырландырылған.  
Бұдан басқа, микрокредиттерді субсидиялау, микро қаржы ұйымдарының несиелеріне кепілдік ету сияқты бірқатар жаңа аспаптар қосылды, оларды 2016 жылдан бастап іске асыру жоспарланып отыр.
Бүгінгі күні бағдарламаның жалпы инвестициялық портфелі 101,6 млрд. теңге сомаға 888 жобаны құрайды. Бұл республика бойынша үшінші нәтиже.  
2015 жылдың өзінде ғана 15,7 млрд. теңге инвестициялар сомасына 268 жоба қолдау тапты, ол өткен жылдың деңгейінен 12,6% жоғары. 
Кәсіпкерлер арасында несиелер бойынша сыйақылау мөлшерлемесін субсидиялау аспабы  ерекше пайдаланылады, оны 14,6 млрд. теңге инвестициялар сомасына 164 кәсіпкер пайдаланды, бұл 2014 жылға қарағанда 2 есеге көп.  
Кәсіпкерлердің бизнес жоспарларын кепілзаттық қамтамасыз етудің жетіспеушілігі «Даму қорымен» несиені ішінара кепілдік ету тетігі арқылы мемлекеттік бағдарлама бойынша толтырылған, ол 57 кәсіпкерге бизнес-идеяларын 1,8 млрд. теңге кепілдіктер сомасына несие беруге мүмкіндік берді. 
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттарды 44 жоба жалпы сомасы 104 млн. теңгеге алды, бұл өңірлерде жеке микро бизнес ашуға және 300-ден астам адамды қамтуға мүмкіндік береді. 
Ауылды елдімекендерде, шағын және моноқалаларда өз ісін ашу немесе кеңейту үшін кәсіпкерлерге 476,6 млн. теңге сомаға (2013 жылдан 2015 жылға) 166 микрокредит ұсынылды, оның ішінде 2015 жылы ағаш бұйымдарының шеберлігі, тамақ өнімдері өндірісі, халыққа көлік және тұрмыстық қызметтерді көрсету, қонақ үй-мейрамхана бизнестерін дамыту саласында шағын бизнесті ашуға 100,4 млн. теңгеге 24 микрокредит берілді.
Қолдау тапқан жобалардың қалыптасқан салалық құрылымы -  экономиканы әртараптандыруға бағдарламаның бағытталуын растайды. Салалар кесіндісінде өңдеуші өнеркәсіптегі 40,8%, көлік секторындағы 18%, туризм және спорт саласындағы 9,4%, денсаулық сақтаудағы - 4,8%, құрылыстағы -1,7% жобалар басым.
Әйелдердің және жастардың кәсіпкерлігін дамытуды ынталандыру Мемлекет басшысы айқындаған мемлекеттік саясаттың негізгі  бағыттарының бірі. Есепті кезеңде қаржылық қолдау аспаптары бойынша Бағдарламаның қатысушы – әйелдерін қамту 20% және қаржылық емес қолдау шеңберінде дерлік 50% құрады. Бағдарламаның жас кәсіпкерлер саны дерлік 20% құрайды.
2015 жылы бағдарламаны іске асыру нәтижесі өндірістік сала сияқты қызмет көрсетулер саласында да ШОБ субъектілерінің қызметтерін жаңғырту және кеңейту болып отыр. Олардың арасында тілге тиек ететіндері де бар:
Өнімді импорт алмастыру бойынша старт-ап жобалардың өндірістік саласында: ДК «Сулейменов А.К.» - «Макулатурадан жасалған жұмыртқаларға арналған кедір-бұдыр төсеме өндірісі», өнімді одан әрі бренділей отырып және республикада оған ұқсас өнімдері жоқ   «Everest oil Group» ЖШС - «Қағаз стақандар өндірісі».
Бағдарламаның арқасында медициналық қызмет көрсетулер спектры мен сапасын ұлғайттық - «MDVision» ЖШС «Офтальмологиялық орталықтарды ашу үшін жабдықтарды сатып алу» жобасымен, «Стома-К» ЖШС - «3D бейнелі қызметі бар диагностикалық тіс емдеу жабдықтарын сатып алу», «Будь здоров» медициналық орталығы» ЖШС «УДЗ диагностикалық аппаратты сатып алу» жобасымен.
Теміртау қаласында күніне 500-ге дейінгі келушілерді өткізу қабілеті бар жаңа форматтағы монша кешені салынды әрі іске қосылды.
«НПО Дефектоскопия» ЖШС өнеркәсіп қауіпсіздігінің сараптамасын жүзеге асыру үшін жаңа инновациялық жабдық (құбырішілік, рентгенографиялық, ультра дыбысты, акустикалық-эмиссиондық дефектоскоптер) сатып алды. Аталған тәсіл әрбір жеке бөлшектің сапасын бағалауға және жаппай бақылауды (100%) жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өндірісте апатқа жол бермеу мақсатында өнеркәсіптік жабдықтар үшін ерекше маңызды.
Қарағанды қаласының Пришахтинск ықшам ауданында «Акжарқын» жеке балалар бақшасын ашу» жобасы әлеуметтік маңызы бар жоба болып табылады, ол ауданның 360 баласын мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтиды.
Бағдарламаны іске асырудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі 50,6 мың жұмыс орындарын сақтау және 16,7 мың жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады. 2015 жылы 7,8 мың жұмыс орындары сақталды және құрылды.  
Бұл ретте, бағдарламаны іске асыра бастағаннан бері бюджетке 14,7 млрд. теңге салық төлемдері түсті.  


Сондай-ақ, қарағандылық кәсіпкерлер өңдеуші өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындарды қолдауға бағытталған Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қаражаттарымен жеңілдікпен несие беруін белсенді пайдаланады. Бүгінгі күні 95 кәсіпкер 10,7 млрд. теңге сомаға кредиттерді пайдаланды.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін ірі индустриялық жобалар маңына шағын және орта кәсіпорындарды құру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күні тау-кен өндіру, өңдеуші, химия және металлургия өнеркәсібінде қосалқы жұмыстар мен қызметтерді көрсететін 120 астам шағын және орта кәсіпорындар топтастырылған. 
Қосалқы кәсіпорындарды қолдауды қамтамасыз ету мақсатында кәсіпкерлердің бизнесті дамыту бойынша бастамасын қолдауда қала құрушы кәсіпорындармен келісімшарттарды жасасу тәжірибесі қолданылады. Ағымдағы жылы дерлік 40,2 млрд.теңге сомаға  369 шарттар мен қосымша келісімшарттар жасалды.  
Қаржы ресурстарының қолжетімділігі ғана емес жеке бизнесті құру және дамыту кезінде несиелерді тиімді пайдалану бойынша білімнің қолжетімділігі, әсіресе бастаушы кәсіпкерлер үшін маңызды болып табылады. Ол үшін БЖК шеңберінде кәсіпкерлерді қаржылық емес қолдау шаралары іске асырылады. 
Жұмыс істеп тұрған бизнес-инфрақұрылымы халықты оқыту бағдарламаларымен кеңінен қамтуды және кеңес беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Облыста Қарағанды қаласында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді, шағын және моноқалалардың барлық аудан орталықтарында Кәсіпкерлікті қолдаудың 17 орталығы жұмыс істейді, сондай-ақ, ауылдық жерлерде консалтинг қызметін көрсету мақсатында жұмылдырылған КҚО бар.
Кәсіпкерлерге кешенді қызмет көрсетудің үш деңгейлі жүйесінің жұмыс істеуі арқасында 2015 жылы 9,8 мыңнан астам адамға 26 мың кеңес берілді (барлығы 2012 жылдан бастап 18,4 мың адамға 46,8 мың кеңес берілді.
Есепті жылы облыстың 1 453 кәсіпкері оқытудан өтті:
- «Іскер байланыс» жобасы бойынша  – 33 кәсіпкер;
- «Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша  - 1 390 адам;
- «Топ-менеджмент» жобасы бойынша  «Назарбаев Университет» ААҚ - 30 адам.
Бухгалтерлік есеп, заңдық кеңестер, маркетинг, бизнес-жоспарлау IT-технологиялар саласында 2373 кәсіпкерге сервистік қызмет көрсетілді (3 594 кеңестер). Барлығы жобаны іске асырғаннан бастап 5,3 мың адамға 12,8 мың кеңестер берілді.
Туризмді дамыту әлеуеті зор әрі өңірлік кәсіпкерліктің басым бағыттарының бірі болып табылады.
Орналастыру объектілерінің саны 2014 жылмен салыстырғанда 14% ұлғайтылды және 207 бірлікті құрады, олар 196 мың келушіге қызмет көрсетті, 2,5 млрд. теңге сомаға қызметтер көрсетілді.  
Бұл өсімге құрылыс, орналастыру объектілерінің қайта жөндеуі мен жаңғыртуы үшін жеке инвестицияларды тарту, «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жобаларды қолдау, сондай-ақ өткізіліп отырған жарнамалық- имиджтік іс-шаралар себеп болды. 
Ағымдағы жылы орналастыру объектілерінің құрылысы бойынша 17 жоба іске асырылды, олардың ішінде«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде 6 жоба қолдау тапты.
Шамамен 1,5 млрд.теңге инвестиция тартылды және 80 жаңа жұмыс орындары құрылды.  
Қызмет көрсету саларын дамыту бойынша бағдарлама шеңберінде «Авалон» тарихи-географиялық қоғам негізінде облыстың туристері мен тұрғындарына ақпараттық көмек көрсету үшін жедел желі әрекет етеді. «Hotline» (8-800-080-7212) жедел желісіне қоңырау шалу тегін және Қазақстанның шегінде кез-келген қалалық телефоннан, сондай-ақ барлық қазақстандық ұялы байланыс операторларының нөмірлерінен   қолжетімді.
Ішкі туризмді дамытуға халықаралық мамандандырылған ЭКСПО 2017 көрмесі де себебін тигізеді. Осы мақсаттарда «Астана-ЭКСПО» Ұлттық компаниясымен біздің облыстың туроператорларымен ынтымақтастық туралы («Номадик Трэвел Казахстан», «Павлин Тур» және Қарқаралы МҰТП) 3 меморандумға қол қойылды және Космонавт қонақ үйіне «ЭКСПО ұсынған» деген бірінші құрмет белгісі берілген.
Сондай-ақ, туристерді тарту бойынша туроператорлар мен қонақ үйлер арасында шарт жасасу жұмысы жүргізілуде.         
«Сары-Арқа» халықаралық әуежайында чартерлік рейстердің әуежайлық ресмилерден өтуін жеделдету үшін СИП туристері үшін Фаст-Трек қызметіне ұқсас жаңа трек қызметі енгізілген.
Туроператорлық қызмет ұлғайып келеді, өткен жылы осы салада қызметті жүзеге асыру құқығына 3 лицензия берілді. Олар Сан-Тур ЖШС, Алан Тур ШЖС, «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғат паркі.
Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі өткен жылдың маңызды оқиғасы болды. Біздің кәсіпкерлер үшін жаңа экономикалық белестер ашылуда. Енді бизнесті құру әрі жүргізу аса ашық болады, халықаралық сот қағидаларын пайдалана отырып, өздерінің сұрақтарын шешу мүмкіндігі беріледі.    
2015 жылы облыстың кәсіпорындары әлемнің 120 елімен сыртқы экономикалық байланыста болды, оның ішінде өнім 44 елге экспортталды және 98 елден импортталды.
Облыстың сыртқы экономикалық қызметінің негізгі серіктес елдері:  Қытай, Мальта, Иран, Ұлыбритания, Украина, Өзбекстан, Түркия, Қырғызстан болды.
2015 жылы біздің облыстың 6 экспорттаушы кәсіпорны «Экспорт 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қолдау тапты. 
Өткен жыл бірқатар шетелдердің ресми өкілдері тарапынан қызығушылық танытудың жоғары деңгейімен атап өтіледі. Біздің облысқа  Түркия, Испания және Эстония, Италия, Франция және Қытай, Германия, Ресей, Чехия, Швеция, Корей, Румыния өкілдері келді. Осы кездесулердің шеңберінде экономиканың барлық салаларында өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
2015 жылдың қорытындылары бойынша сыртқы сауда айналымы 4 333,3 млн.АҚШ долл. қалыптасты, оның ішінде: экспорт – 3727,1  млн. АҚШ доллары, импорт – 606,2 млн. АҚШ доллары. Сыртық сауда теңгерімінің оң сальдосы  3120,9 млн. АҚШ долларын құрады.
Ішкі бөлшек сауда айналымы 2014 жылмен салыстырғанда 27 млрд.теңгеге ұлғайтылды және 588,5 млрд.теңгені құрады, бұл Республикада 4 орынды алуға мүмкіндік берді. Бөлшек сауда айналымының негізгі көлемі облыстың базарларына тиесілі (63%).
Есепті жылы сауда және қызмет көрсету саласында шамамен 5,1 млрд. теңге инвестициялар сомасына 120 жаңа объект енгізілді, ол 1,0 мың жұмыс орындарын құруға және бюджетке 27,4 млн. теңге сомада салық төлемдерінің түсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.   
Бизнесті жүргізу жеңілдігі индикаторларының бірі Дүниежүзілік Doing Busines банкінің рейтингісі болып табылады, сол бойынша Қазақстан өзінің рейтингісін 12 тармаққа көтере отырып, 41 ұстанымды алды.  
Осы мақсатта, әкімшілік рәсімді және рұқсат беруді жеңілдету бойынша өткізіліп отырған жұмыс шеңберінде мемлекеттік бағдарламалар бойынша 6 мемлекеттік қызметті көрсету стандарттарын әзірледі және бекітті. Барлығы өткен жылы 239 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Бизнес өкілдерінің 50%  өңірлік кеңесу-мәжіліс органдарының құрамына қосу бойынша жұмыс жүргізілуде. Қазір облыстық деңгейдегі 10 КМО-ның құрамына кемінде  50% бизнес өкілдері енгізілген, ол КМО қабылдайтын шешімдерге өз тарапынан ықпал етуге, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға, биліктің барлық деңгейлерінде өздерінің ұсыныстарын енгізуге мүмкіндік береді. 
Кәсіпкерлердің мүддесін қозғайтын барлық нормативтік құқықтық актілер Қарағанды облысының кәсіпкерлік палатасынан және кәсіпкерлердің аккредиттелген қауымдастығынан  міндетті түрде сараптамалық қорытындыдан өтеді.  Қазіргі уақытта солармен бірлесіп 100 астам НҚА қаралды.
Осы жылдан бастап кәсіпкерлердің мүддесін қозғайтын бірқатар жаңа заңнама актілері қолданысқа енгізіледі. Солардың бірі Кәсіпкерлік кодексі болып табылады, онда ШОБ қорғауды қамтамасыз ету аспектілері, оңалту мен банкроттанудың құқықтық аспектілері, бизнес-омбудсмена институтының ұғымы және кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі көрсетіледі.
«Бір терезе» қағидаты бойынша қолда бар қаржылық қолдауды көрсетуді қамтамасыз ету үшін даму институттарының барлық өкілдерін Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарына орналастыру жоспарланып отыр.
Екінші деңгейдегі банктердегі талап етілетін құжаттар тізбесі мен оларды қарастыру мерзімдері, қажет емес келісулер қысқартылатын болады.
Кәсіпкерлер палатасы әзірлеп жатқан Кәсіпкерлікті дамыту картасы біздің бизнес үшін үлкен демеу болады, оны ағымдағы жылдың ақпанында электронды форматта ұсыну жоспарланып отыр. Бұл бағдарламалық құжат емес, өз күшіңді қайда жұмсау, өз бизнесіңді дамытуды бастау, еркін және келешегі бар бизнес тауашаны табу, өз ақшаңды қайда салу керектігі туралы нақты мүмкіндік.
Бүгінгі күні мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру арқылы шағын және орта бизнесті дамыту үшін қуатты көз құрылған. Осы жылғы біздің міндетіміз кәсіпкерлеріміз жинақтаған машықты және әлеуетті жоғалтпай 7 мың жұмыс орындарын сақтап қалу және құру жағдайында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының шеңберінде кемінде 200 жобаларды қолдауды қамтамасыз ету, сондай-ақ Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары арқылы 26 мың кәсіпкердің құзыреттілігін арттыру.
Әрине, шешімін табуға қажетті көптеген проблемалар мен мәселелер бар. Біз өз қызметімізде ең алдымен Мемлекет басшысының халыққа «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауында қойылған міндеттерге сүйенеміз.

Құру күні: 23 Ақпан 2016

Түзету күні: 23 Ақпан 2016

Опрос

Сайттың дизайнын бағалаңыз
  • Если вам стали известны сведения о планируемых актах террористической угрозы, либо вы стали свидетелем или сами подверглись вербовке, уговорам со стороны радикально настроенных лиц, узнали, что кто-то распространяет литературу или другую информацию, пропагандирующую терроризм и религиозный эктремизм, просьба, не задумываясь, позвонить на номер 110
Авторские права © 2012-2015 «Управление предпринимательства Карагандинской области»
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»