Погода в Караганде °C
USD EUR RUB
WAP Карта сайта
Версия для слабовидящих
home
home home
Аблаева Татьяна Юрьевна
Руководитель управления предпринимательства

Аблаева Татьяна Юрьевна

Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Сәлемдесу Сұрақ қою Сұрақтар мен жауаптар мұрағаты Жиі қойылатын сұрақтар


Басшының 2016 жылғы есебі

Татьяна АБЛАЕВА, Қарағанды облысының
кәсіпкерлік басқармасының басшысы

2016 жылдың маңызды оқиғаларының бірі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығын атап өту болды. Осы жылдар ішінде шағын және орта бизнес секторы жоғары іскерлік белсенділікті көрсете отырып, өзінің дамуын жаңа парақтан бастап, әсер етерлік нәтижелерге қолжеткізді.
Бүгінгі күні облыстағы шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны шамамен 85 мың бірлікті құрайды. Сектор облыстың экономикалық белсенді халқының үшінші бөлігін жұмыспен қамтып отыр. Олар шығарған өнімдер көлемі 700 млрд. теңгеден астам деңгейде бағалануда.  
«Бизнестің жол картасы-2020» бірыңғай бағдарламасын (бұдан әрі – БЖК 2020) іске асыру арқасында нәтижелерге қолжеткізу мүмкін болды, оның шеңберінде Қарағанды облысы республикада көшбастаушы орын алады. 
БЖК 2020 бағдарламасының қолданылуы уақытында мемлекеттік қолдау шараларымен 1150 кәсіпорын 128,2 млрд. теңге сомаға қамтылған. Тек 2016 жылдың ішінде ғана 262 жоба инвестициялардың 26,6 млрд. теңге сомасына қолдау алған, ол алдыңғы жылға қарағанда 70%-ға көп.   
Кәсіпкерлер арасында кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау құралы ерекше пайдаланылады, онымен 2015 жылға 22,6% өсе отырып, 201 кәсіпкер пайдаланған. 25,9 млрд. теңге сомаға инвестициялар салынды, ол өткен жылдың деңгейінен 77,4%-ға жоғары. Бұл республиканың бес ең жақсы өңірлерінің қатарына кіруге мүмкіндік берді. 
Сондай-ақ, субсидиялау құралын іске асыру бизнестің 59 кәсіпорнына бұрын жасалған субсидиялау шарттарын ұзартуға мүмкіндік берді, ол кәсіпорындарға қаржы жүктемесін анағұрлым төмендету кезінде өндірістік процестердің келешекке тұрғызылуына мүмкіндік берді.   
Кредиттерді ішінара кепілдендіру арқасында 44 кәсіпорын кепілдіктердің 0,7 млрд. теңге сомасына кепілдік қамтамасыз етудің кемшіліктерін толықтырды және өз бизнесіне кредит алды.
Кәсіпкерлердің гранттық қаржыландыру құралына қызығушылықтары жылдан жылға артып келеді. Осы жылы 1 грант конкурсына 10 ниет білдірушілер болды, нәтижесінде жаңа-бизнес идеяларды іске асыруға арналған гранттарды 17 старт-ап жоба жалпы 40 млн. теңге сомаға алды, бұл облыс өңірлерінде 75 адамды жұмысқа тұрғызуға мүмкіндік берді. Осы гранттар шеңберінде бизнесте жаңа бағыттарды құру бойынша жобалар бар, олар мәселен үйде жататын  науқастарды тасымалдау және күту бойынша денсаулық сақтау саласында («Сиделки-Патронаж» ЖШС, Қарағанды қ.); ағаштан балалар ойнайтын конструкцияларды дайындау (ЖК Ульяна Крылованың шығармашылық шеберханасы, Теміртау қ., ЖК Садыков, Жезқазған қ.); робот техника сыныбын және 3D баспасын құру Қаражал қ.); «Smile» балалар-дамыту орталығын ашу Сатпаев қ. және т.б.
Елбасының тапсырмасы бойынша ауылда микрокредиттеу ролін күшейту жұмыстары жүргізілуде. Егер бұрын аталған құрал моноқалаларға ғана арналған болса, енді микрокредиттер ауылдық кәсіпкерлерге де беріледі.  Төрт жыл ішінде барлығы 232 микрокредит 775,7 млн.теңге сомаға берілген, олар 2016  жылы – мал шаруашылығы, тамақ өнімдері өндірісі, көліктік және тұрмыстық қызметтер көрсету саласында шағын бизнесті ашуға 52 микрокредит 247,5 млн.теңгеге берілді. Бұған қоса ауылдық микрокредиттер үлесі 61,5%-ды құрады.
Қолдау тапқан жобалардың қалыптастқан салалық құрылымы экономиканы әртараптандыруға бағдарламаның бағытталуын  растайды. Салалар кесіндісінде келесі жобалар өңдеуші өнеркәсіп - 24,4%, көлік секторында – 11,7%, сауда саласында – 9%, денсаулық сақтау және білім беру – 6,9%, ауыл шаруашылшығы - 4%, құрылыс саласында -1,9% басымдыққа ие.
Жаңа экономикалық реалиді есепке ала отырып, бағдарламаның кәсіпкерлер үшін шарттары мен қолжетімділігі жылдан жылға жақсарып келеді. Дағдарысқа қарсы іс-шаралар шеңберінде Ұлттық қор және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қаражаттарынан екінші деңгейдегі банктер арқылы бизнесті қолдауға қаржаттар бөлінген болатын. Солардың арқасында кәсіпкерлерде айналым қаражаттарын толтыруға және қарыздарды қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау мүмкіндігі пайда болды. Бүгінгі күні 49 жоба инвестициялардың 9,9 млрд.теңге сомасына қолдау алды. Олардың арасында біздің ірі кәсіпорындарымыз - «Евразиан Фудс» АҚ, «Апрель Кулагер» ЖШС, «Нанөнімдері» АҚ, «Нәтиже» ЖШС, «КазтрансМеталл» ЖШС, «ТЭМК» АҚ, «Zet LTD» фирмасы ЖШС, «Kaz-metiz» ЖШС, «№3 автобус паркі» ЖШС бар.
Бұл БЖК 2020 бағдарламасының құралдарын пайдалана отырып, кәсіпкерлерге кредит беру бойынша банктік секторды белсенді етуге мүмкіндік берді.
Облыста өңірлік дамуға оң әсер еткен бірқатар маңызды жобалар іске асырылды.
БЖК 2020 бағдарламасының арқасында автоклавты қатқылданудың кебекті бетонынан жылу блогінің өндірісі бойынша Теміртау қ. «КазГазоБлок» ЖШС қолдау алды, ол келешекте жаңадан тұрғызылатын ғимараттардың шаршы метрінің өзіндік құнын анағұрлым төмендетуге мүмкіндік береді.
«Нейро сауықтыру орталығы «Луч» ЖШС, «Гиппократ» Медициналық фирмасы» ЖШС, «MD Vision» ЖШС, «Пластикалық және қайта жасау хирургиялық клиника «Эстель» ЖШС, «Ердос» фирмасы ЖШС, «Лек» фирмасы ЖШС, «Офтальмология орталығы «Глазолик» ЖШС заманауи жабдықтарды сатып алу арқылы медициналық қызмет көрсету спектрін және сапасын кеңейтті.
Қарағанды қаласында әлеуметтік маңызы бар жобалар іске асырылды - «Армашка» жеке меншік балалар бақшасының ашылуы» және «Аяла» жеке меншік балалар бақшасының ашылуы», олар мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 300 және 165 баланы қамтыды. 
Бағдарламаны іске асырудың негізгі аспектісі 60,7 мың жұмыс орындарын сақтап қалу және 17,9 мың жаңа жұмыс орындарын құру болды,  оның ішінде ағымдағы жылы 11 мыңнан астам жұмыс орындары сақталды және құрылды.
Бағдарлама қатысушылары 18,6 млрд. теңге салықтық төлемдер төледі, оның ішінде 2016 жылы - 3,9 млрд.теңге бұл республика бойынша екінші нәтиже.
Кәсіпкерлердің құзыреттіліктерін арттыру мақсатында қаржылық емес қолдау шараларына деген қажеттілік өсіп отыр. 
«БЖК 2020» шеңберінде жұмыс істеп жатқан және бизнесті жаңа бастаған  - 1169 кәсіпкер бизнес жүргізу негіздерін оқытудан өтті, 11 мың адам (26 мың қызмет) консультациялық сүйемелдеу алды. Сервистік қолдау бухгалтерлік есептеу, заңдық кеңестер, маркетинг, бизнес-жоспарлау, IT-технология (4668 кеңес) саласында 3433  кәсіпкерге  қызмет көрсетілді.
Көрсетілген қаржылық емес қолдау нәтижелері бойынша 572 жаңа компаниялар тіркелген (ЖШС және ЖК түрінде), 1069 бизнес-жоспарлар әзірленген және қаржыландырылған, 150 кәсіпкер грант алды және 916 адам әртүрлі қаржылық институттарда қаржыландырылған. 
Кәсіпкерлік сектордың дамуы және жұмыс жасауы кредит берумен – компанияның айналым қаражаттарын толтырудың негізгі көзімен тығыз байланысты. Экономиканың осы секторына берілген кредиттік ресурстардың сомасы өткен жылға қарағанда 27,1%-ға өсіп, 60 млрд. теңгеден астамға жеткізілді.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға сауда саласы үлкен ықпал етеді, оның үлесіне облыстың барлық жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің дерлік 50% тиесілі.
2016 жылдың қорытындылары бойынша бөлшек сауда көлемі дерлік 108 млрд.теңгеге өсті және 689,5 млрд.теңгеге жеткізілді, бұл ретте, 2016 жылға НКИ 99,6% құрады. Бөлшек сауда көлемі бойынша біздің облыс республикада 4 орын алуды жалғастырып келеді. 
Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мақсатында облыста «Қазақстанда жасалған» акциясын іске асыру жұмысы жалғасуда. Конституция күнін және Кеншілер күнін атап өту қарсаңында «Таир» СҚ республика бойынша екінші «УниверMAG.kz» қазақстандық өнімдерді сату орталығының ашылуы болды. Аталған алаң бизнесті біріктіру, жаңа идеялар мен өндірістерді қайта өркендету орталығы бола тұра, еліміздің барлық өңірлерінің жеңіл өнеркәсіп өндірушілерінің басын біріктірді («Саран тігін-трикотаж фабрика «GalexPlus» ЖШС Саран қ., «Стежок» ЖШС Абай қ., «ТЭГАМ» ЖШС, «Руми-ЕН» Қарағанды қ., «ЕСКО» ЖШС Теміртау қ., «ЮтарияLTD» ЖШС Жезқазған қ., «КОФ» ЖШС аяқкиім, «L-Zhami» ЖШС, ЖК «Сартбаева»). Сондай-ақ, «Алтын арба» сауда-фермер орталығы ашылды, ол БЖК 2020 бағдарламасы шеңберінде қолдау алған. Бұл жерде отандық өндірушілер өнімі кең көлемде ұсынылған және өнімдер делдалсыз тікелей сатылады. 
Жалпы осы жылы сауда және қызмет көрсету саласында 146 жаңа бизнес нысандары инвенстициялардың 18 млрд. теңге сомасына ашылды, нәтижесі 1840 астам жұмыс орындары құрылды және жергілікті бюджетке қосымша 40 млн. теңге сомаға салықтар түсті.
Моноқалаларда жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлікті жүктеуге бағытталған қала құрушы кәсіпорындар мен бизнес арасында Серіктестік келісімшарттарды жасау тәжірибесі жалғасып келеді. Есепті жылы 523 шарт  93,6 млрд.теңгеден астам сомаға жасалды.
Өңірдің туристік тартымдылығы анағұрлым өсті.
Қарағанды облысы орналастыру орындарының саны бойынша республикада 4 позицияда тұр.  Бүгінгі күні 229 нысанды немесе өткен жылдың деңгейіне 110,6% құрады. Олар 2,8 млрд.теңге сомаға қызметтер көрсеткен, 7,6%-ға өсе отырып, 180 мың келушілерге қызмет көрсетілді. 
Аталған өсімге «100 нақты қадам» Ұлттық жоспардың 57-қадамын және «Бизнестің жол картасы 2020» ББ іске асыру, сондай-ақ өткізілген жарнамалық-имиджтік іс-шаралар шеңберінде жеке инвестицияларды тарту әсер етті. 
2016 жылы орналастыру нысандарының құрылысы бойынша 12 жоба іске асырылды, олардың ішінде БЖК 2020 шеңберінде 6 жоба қолдау алды. Шамамен 1,9 млрд.теңге инвестициялар тартылды және дерлік 100 жаңа жұмыс орындары құрылды. 
Облыстың курорттық жерлеріне ақпараттық турларды өткізу дәстүрге айналды. Есепті жылы Балқаш маңы өңіріне ақпараттық тур ұйымдастырылды, оған Астана қаласынан және Қарағанды облысынан туркомпаниялар, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.  Нәтижесінде туркомпаниялар Балқаш маңы өңіріндегі шипажайлармен, демалыс үйлерімен және аймақтарымен  шартқа отырды, суретке түсіру және бейне материалдар, сондай-ақ жаңа туристік бағыттарды құру бойынша ұсыныстар пайда болды.  
Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі күні облыс бойынша 6 туристік бағыттар Астана қаласына барып-қайту есебімен көрме қонақтары мен қатысушылары үшін туристік бағыттар тізбесіне қосылған. «Recommended by EXPO» құрмет белгісі Қарағанды қаласының «Cosmonaut» отеліне берілген және «Достар-Әлем», «Мерей», «Апарт хотел» конақ үй кешендерінің өтінімдері қарастыруда жатыр. Көрмеде қызмет көрсетуге қатысу үшін ЖОО (ҚарМУ, ҚЭУК, ҚММУ, ҚарМТУ, «Болашақ» академиясы және  ҚарМИУ) студенттерінен 235 еріктілер іріктеліп алынған.
ЭКСПО-2017 көрмесіне билеттерді сату бекеттерін орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта билеттерді Қарағанды қаласының «CityMall» сауда орталығынан (“Марвин” бөлімі), «Қазпочта» АҚ Қарағанды облыстық филиалында, Теміртау қаласының орталық бөлімшесінен, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының ресми сайтынан, сондай-ақ көрме аумағынан сатып алуға болады.
2016 жылы облыс кәсіпорындары әлемнің 104 елімен сыртқы экономикалық байланыста болды, оның ішінде өнім 54 елге экспортталды және 97 елден импортталды. Облыстың сыртқы экономикалық қызметінің негізгі серіктес елдері: Қытай, Ресей, Германия, Иран, Ұлыбритания, Мальта, Қырғыз, Украина және Өзбекстан болды.
Өткен жыл бірқатар шетелдік ресми өкілдері тарапынан қызығушылық танытудың жоғары деңгейімен атап өтілген. Облысқа Тәжікстан, АҚШ, Словак, Иран, Дания, Германия және Молдова өкілдері келді. Осы кездесулер шеңберінде экономиканың барлық салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
2016 жылдың қорытындыларының нәтижесінде сыртқы сауда айналымы 3,5 млрд. АҚШ долларында қалыптасты, оның ішінде: экспорт – 3 млрд. АҚШ доллары, импорт – 0,5 млрд. АҚШ доллары. Сыртқы сауда балансының оң сальдосы 2,5 млрд. АҚШ долларын құрады. Әкімшілік рәсімдерді және рұқсат берулерді оңтайландыру бойынша өткізілген жұмыс мақсатында Кәсіпкерлік басқармасы туризм және кәсіпкерлік саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 7 стандартын әзірледі және бекітті. Өткен жылы барлығы 221 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Кәсіпкерлер палатасымен әзірленген Кәсіпкерлікті дамыту картасы біздің бизнес үшін үлкен демеу болды, оның тұсаукесері 2016 жылғы сәуірде «KaragandaInvest 2016» IV Халықаралық Инвестициялық Форумда болды. Картада бизнестің аумақтық орналасуы, қорлар,  жұмыс күші туралы нақты ақпарат көрсетілген, онымен әрбір адам арнайы www.businessmap.kz  және www.businessnavigator.kz интернет порталдан таныса алады.
Әрине, алдымызда шешімін табатын көптеген проблемалар мен мәселелер бар. Біз өз қызметімізде, ең алдымен  Елбасының қазақ халқына «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ» Жолдауында қойылған міндеттерге сүйенеміз.
Осы жылғы жұмыстың басым бағыттарының бірі Елбасының бастамасымен әзірленген 2017-2021 жылдарға арналған өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерліктің жаңа бағдарламасын іске асыру болады. Оның шеңберінде ауылда және қалада микрокредиттеу құралы кеңейтілген, сондай-ақ кәсіпкерлік негіздеріне оқытудың «Бастау-Бизнес» жобасы іске қосылады. Осы мақсаттарды іске асыруға облысқа 5 млрд. теңгеден астам сомаға қаражаттар бөлінген. Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы 2020» іске асыру бойынша шаралар жалғастырылады, оның шеңберінде дерлік 200 жобаны қолдау жоспарланып отыр, ол 5 мың жұмыс орындарын құруға және сақтап қалуға мүмкіндік береді. 
 


 

Құру күні: 26 Қазан 2017

Түзету күні: 26 Қазан 2017

Опрос

Сайттың дизайнын бағалаңыз
  • Если вам стали известны сведения о планируемых актах террористической угрозы, либо вы стали свидетелем или сами подверглись вербовке, уговорам со стороны радикально настроенных лиц, узнали, что кто-то распространяет литературу или другую информацию, пропагандирующую терроризм и религиозный эктремизм, просьба, не задумываясь, позвонить на номер 110
Авторские права © 2012-2015 «Управление предпринимательства Карагандинской области»
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»