Погода в Караганде °C
USD EUR RUB
WAP Карта сайта
Версия для слабовидящих
home
home home

Аблаева Татьяна Юрьевна
Руководитель управления предпринимательства

Аблаева Татьяна Юрьевна

Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Сәлемдесу Сұрақ қою Сұрақтар мен жауаптар мұрағаты Жиі қойылатын сұрақтар


2017 жылдың қорытындылары бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту туралы АНЫҚТАМА

2017 жылдың  қорытындылары бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту туралы
АНЫҚТАМА

Шағын және орта бизнесті дамыту
Ттіркелген ШОК субъектілерінің саны 100 710 бірлікті немесе 2016 жылға 100,4% құрады (1.01.17ж. – 100342 бірл.).
Олардың ішінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 79 276 бірлік немесе 99,8% құрады (1.01.17 ж. –  79 424 бірл.).
Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің жалпы құрылымында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны (2016 жылға) өскені байқалады, шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғаларының  саны 8,1%-ға (жұмыс істеп тұрғандардың жалпы көлеміндегі олардың үлесі 20,5%, ШОК өнім шығарудың жалпы үлесі – 80,7%) ; және  шаруа қожалықтары 15,2%-ға (жұмыс істеп тұрған ШОКС жалпы көлеміндегі олардың үлесі 9,7%, ШОК шығарудағы үлесі – 8,6%) өскені байқалады.
Жеке кәсіпкерлердің саны 55 287 бірлік немесе 2016 жылдың  үйлесімді кезеңіне 95,9% (жұмыс істеп тұрған ШОКС жалпы көлеміндегі олардың үлесі -69,7%, ШОК шығарудағы үлесі – 10,7%)
Облыс өңірлерінің кесіндісінде Қарағанды қ. (100,3%) басқа  қалаларында және Нұра ауданында (97,8%) жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері санының төмендеуіне жол берілген. 
ШОБ субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 2016  жылдың үйлесімді кезеңіне 2017 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында 175,8 млрд.теңгеге өсті және 685,4 млрд. теңгені құрады.НКИ 2016 жылдың үйлесімді кезеңіне (дефлятор есебімен 107,1%) 125,6% құрады.
2017 жылдың 1 қазанына шағын және орта бизнесте жұмыс істейтіндер саны 2016 жылдың үйлесімді кезеңіне 228 073 адамды немесе 103,7% құрады.
ШОБ жұмыс істейтіндер саны экономикалық белсенді тұрғындарға қатысты 1,6 пайыздық тармаққа өсті және 32,8% (2016ж. 3 тоқсанында -31,2%) құрады.

«Бизнестің жол картасы-2020» ББ іске асыру
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 2010 жылдан бастап 160 млрд.теңгеге 1399 жоба, соның ішінде 31,7 млрд. теңгеге 249 жоба қолданды, оның ішінде:
Кредит бойынша сыйақылауды субсидиялауға  146,7 млрд. теңге кредиттер сомасына 997 жоба мақұлданған, оның ішінде 2017 жылы – 30,4 млрд.теңге сомаға 200 жоба;
Кредиттерді ішінара кепілдік ету бойынша кепілдемелердің жалпы сомасына 4,2 млрд. теңгеге 179 жоба мақұлданған, оның ішінде 2017 жылы – 657,8 млн. теңге сомаға 34 жоба;
Жетіспейтін инфрақұрылымды өткізуге 8,6 млрд.теңге сомаға 61 жоба мақұлданған.
Гранттық қаржыландыру бойынша 411,0 млн.теңге сомаға 162 жоба мақұлданған, сонымен қатар 2017 жылы 28 млн. теңгеге 12 жоба мақұлданған.
Микрокредиттеу құралын (2013 жылдан 2016 жылға дейін) барлығы 232 кәсіпкер 775,7 млн.теңге сомаға пайдаланды (2017 жылдан бастап құрал нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәспкерлік бағдарламасына қосылған ).
Қолда бар 69,3 мыңнан астам жұмыс орындарын сақтап қалу және 19,0 мың жаңа жұмыс орындарын құру маңызды нәтиже болды, оның ішінде 2017 жылы 8657 жұмыс орындары сақталды және 1148 жаңа жұмыс орындары құрылды. Бағдарлама қатысушыларымен бюджет кірісіне 24,1 млрд. теңге салықтық төлемдер түсті, олардың ішінде 2017  жылы – 2749 млн. теңге. 
2017 жылы субсидиялау аспабын облыстың 5 өңірінің кәсіпкерлері қолданбаған. Олар, Жаңарқа, Қарқаралы, Ұлытау, Шет аудандары және Қаражал қаласы.
Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту мақсатында 2017 жылы кәсіпкерлікті жаңа бастаған және жұмыс істеп жатқан 1415 кәсіпкер «Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша оқытылды, бухгалтерлік есеп, заңдық консультациялар беру, маркетинг, бизнес-жоспарлау, ИТ-технология (3964 қызмет) салаларында бизнес жүргізуді сервистік қолдау 3165 кәсіпорынға  көрсетілді. Құзыретті Орталықтармен (КҚО, КҚО, КҚЖО) 14557 кәсіпкерлік субъектілері мен жеке тұлғаларға 41701 консультациялық кеңестер берілді.
Қаржылық емес қолдау бойынша анықтама:
- «Бизнес – Кеңесші» жобасы бойынша 12334 адам оқытудан өтті, оның ішінде 2017 жылы – 1415 кәсіпкер оқытылды;
- «Топ– менеджмент» жобасы бойынша 194 кәсіпкер оқытылды, оның ішінде 2017 жылы - 33;
- «Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша - 292 адам; оның ішінде 2017 жылы -51;
- сервистік қолдау 11970 кәсіпорынға көрсетілді (21,4 мың қызмет), оның ішінде 2017 жылы – 3165 кәсіпорынға 3964 қызмет көрсетілді;
- 2012 жылдан бастап бизнес-инфрақұрылыммен (КҚО, КҚО, КҚЖО) барлығы 43,9 мың клиентке 114,4 мың консультациялық кеңес көрсетілді, оның ішінде 2017 жылы – 14,6 мың клиентке 41,7 мың консультациялық кеңес көрсетілді.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасының 2-ші бағытын жүзеге асыру
2017 жылы қалалар үшін жаппай кәсіпкерлікті дамытудың екінші бағытын жүзеге асыру үшін 1 млрд.теңгеден астам қаржы бөлінді, оның ішінде микрокредиттеуге 966,8 млн.теңге және кепілдендіру үшін 54,7 млн.теңге.
01.01.18 ж. жағдай бойынша, екінші деңгейлі банктер 384,2 млн. теңгеге кәсіпкерлердің 35 жобасын мақұлдады.
Қосымша 35 микрокредиттеу бойынша:
- Шахтинск қ.-  27,8 млн. теңгеге 3 жоба;
- Қарағанды –262,0 млн. теңгеге 21 жоба;
- Абай қ. – 5,5 млн.теңгеге 2 жоба;
- Теміртау –31,0 млн.теңгеге 3 жоба;
- Жезқазған –41,9 млн.теңге 4 жоба;
- Саран қ. –5,0 млн.теңгеге 1 жоба;
- Балхаш қ. –11,0 млн.теңгеге 1 жоба.

Бұдан басқа, екінші деңгейдегі банктер жалпы сомасы 117,5 млн. Теңгеге 7 жоба бойынша микрокредит беруді мақұлдады. Жоғарыда аталған жобалардан басқа олар екінші деңгейлі банктерге жүгініп, 316,0 млн. теңге сомасына 25 ЖКС жинады.
Бастау-Бизнес жобасы бойынша кәсіпкерліктің негіздерін 1313 өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз адамдарды оқытты.
Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасының 2-ші бағытын жүзеге асыру үшін 2018 жылы 1 млрд. 39,8 млн. теңгет бөлінді.  Осы қорларға 60-қа жуық микрокредиттер және 15 кепілдеме беру жоспарланып отыр.

Ішкі сауда
2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында бөлшек сауданың жалпы көлемі 2016 жылғы тиісті кезеңіне (НКИ) 7,1% өсті және 798,3 млрд. теңгені құрады. Республикалық деңгейде НКИ 106,3% деңгейінде қалыптасты.
Бөлшек тауар айналымы бойынша өңір Алматы, Астана және Шығыс Қазақстаннан кейінгі 4-ші орында, өсу қарқыны бойынша - 4 орын. Облыстық деңгейде НКИ-ның өсуі Нұра (99,5%) және Ұлытау (99,1%) ауданындарынан басқа облыстың барлық өңірлерінде байқалды.
2017 жылдың қорытындысы бойынша экономикалық өсу жоспарын іске асыру шеңберінде 11,2 млрд. теңге инвестиция сомасына 138 жоба сауда саласында (91 жоба), туризмде (9 жоба) және қызмет саласында (38 жоба) жүзеге асырылды, 1546 жаңа жұмыс орны құрылды
2018 жылы 19,3 млрд.теңге инвестицияға 105 сауда, туризм және қызмет көрсету объектілерін салу жоспарланып отыр.

Сыртқы сауда
Облыстың сыртқы сауда айналымының көлемі 2017 жылы 3989,0 млн. АҚШ долларын немесе 2016 жыл деңгейіне 114,0% құрады, оның ішінде тауарлар экспорты – 3408,8 млн. АҚШ доллары (112,8%), импорт – 580,2 млн. АҚШ доллары (121,7%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы оң қалыптасты – 2828,6 млн. АҚШ долл.
Экспорттың ұлғаюы келесі тауарлық позициялар бойынша байқалады: легирленбеген болаттан жасалған табақты илек (36,5%); таскөмір (79,0%), мыс және одан жасалған бұйымдар (31,4%).
Импорт құрылымында келесі тауарлық позициялар бойынша ұлғаю байқалады: өсімдіктер мен жануарлардан алынатын өнім;дайын азық түлік өнімдері (62,6%); минералдық өнімдер (26,4%); металдар және олардан жасалған бұйымдар (30,4%); химиялық өнімдер және олармен байланысты өнеркәсіп салалары (2,1%); құрылыс материалдары (4,4%); машиналар және құрылғылар (20,6%) және басқа да тауарлар (3,9%).

Туризм
2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында облыс бойынша қызмет көрсету саласында орналастыру орындары бойынша 228 нысана қызмет жасады: әр түрлі санаттағы қонақүйлер, мотельдер, жазғы аймақтар және демалыс лагерлері, пансионаттар, демалыс үйлері және  басқа нысандар. 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда орналастыру орындарының саны 0,4%-ға (229 бірл.) төмендеді.
Орналастыру орындарымен 2016 жылдың сәйкес каезеңіне 22,9%-ға өсіммен 221252 ададмға қызмет көрсетілген. Ішкі туризммен қызмет көрсетілген (резиденттер) келушілер 20,1%-ға (206024 адам) және сырттан келушілер (нерезиденты) 17,9%-ға (15228 адам) өскендігін байқалады.
Орналастыру орындарымен қызмет көрсету 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,7%-ға өсіп 3183,1 млн.теңгеге жетті.
2017 жылы 2,4 млрд. теңгеге 9 жоба құрылып, 114 жұмыс орны құрылды.
1) 475 млн.теңгеге Қарағанды қ. «Сенатор қонақ үйінің ашылуы»
(Евротехнологистик ЖШС)
2) 120 млн. теңге сомасына Қарқаралы ауданында «Жолжақсы» демалыс үйінің құрылысы және ашылуы» («Кент сервис ЛТД» ЖШС)
3) 600 млн. теңге сомаға Балқаш қ. «Лазурный берег»  демалыс аймағы(Мерзалиева Мэри ЖК) құрылысы
4) 400 млн. теңге сомаға Балқаш қ. «Орхан» демалыс аймағы құрылысы (Мамедов Михрадж Баратұлы ЖК)
5) 500 млн. теңге сомаға Балқаш қ. «Танго» демалыс аймағы құрылысы (Хачатрян ЖК)
6) 115 млн.теңге сомаға Жезқазған қ. «Graf» қонақ үй кешенінің ашылуы
7) 137 млн.теңге сомасына Сатпаев қ. «Бекмурзин» ЖК қонақ үй кешенінің ашылуы
8) 3 млн.теңге сома инвестициясына Приозерск қ. Балқаш көлі 1 кезең жағасында «Струментов» ЖК демалыс аймағының ашылуы
9) 5 млн.теңге сома инвестицияға Қарқаралы ауданында «Atlant Bilding KZ» ЖШС демалыс аймағының ашылуы.

Жалпы, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында туризм саласында 2,4 млрд.теңгеге 24 жоба инвестицияланған , оның ішінде 2017 жылы 264,1 млн.теңге сомаға 3 жоба мақұлданды.
Жалпы жоба құны 21 млн.теңге болатын «Досжанов Е.С.» ЖК «Ақтоғай ауданының, Торнағылық п. Демалыс аймағында тұрғын үй ғимаратының құрылысы»
Жалпы жоба құны 122 млн.теңге болатын «Аширбекова А.Ә.» ЖК «қонақ үй кешені құрылысы»
Жалпы жоба құны 120,9 млн.теңге болатын Балқаш қ. «Жунусова» ЖК «Мерей» мүліктік кешен құрылысын аяқтау»

 

Құру күні: 29 Қаңтар 2018

Түзету күні: 29 Қаңтар 2018

Опрос

Сайттың дизайнын бағалаңыз
  • Если вам стали известны сведения о планируемых актах террористической угрозы, либо вы стали свидетелем или сами подверглись вербовке, уговорам со стороны радикально настроенных лиц, узнали, что кто-то распространяет литературу или другую информацию, пропагандирующую терроризм и религиозный эктремизм, просьба, не задумываясь, позвонить на номер 110
Авторские права © 2012-2015 «Управление предпринимательства Карагандинской области»
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»