Погода в Караганде °C
USD EUR RUB
WAP Карта сайта
Версия для слабовидящих
home
home home
Аблаева Татьяна Юрьевна
Руководитель управления предпринимательства

Аблаева Татьяна Юрьевна

Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Сәлемдесу Сұрақ қою Сұрақтар мен жауаптар мұрағаты Жиі қойылатын сұрақтар


2018 жылдың қорытындысы бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті, сауданы дамыту туралы АНЫҚТАМА

2018 жылдың қорытындысы бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті, сауданы дамыту туралы

АНЫҚТАМА

 

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту

Тіркелген ШОК субъектілерінің саны 102 423 бірлікті немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 101,7% құрады (01.01.18ж. – 100 710 бірл.).

Олардың ішінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 106%-ға өсті және 84 032 бірлікті құрады (01.01.18ж. – 79 276 бірл.).

ШОБ субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында өткен жылдың сәйкес кезеңіне 196,4 млрд.теңгеге өсті және 884,7 млрд. теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңіне НКИ 121,4% құрады.

2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте ЖӨӨ-дегі ШОК үлесі 2017 жылғы тиісті кезеңге 2,4 пайыздық тармаққа (12,2%) өсіммен 14,6% құрады.

2018 жылдың 1 қазанына шағын және орта бизнесте жұмыс істейтіндер саны 236 188 адамды немесе 2017 жылдың сәйкес кезеңіне 106,4% құрады. ШОК жұмыс істейтіндер саны экономикалық белсенді тұрғындарға қатысты 1,5 пайыздық тармаққа өсті және 34,3% құрады.

 

«Бизнестің жол картасы-2020» ББ іске асыру

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 2010 жылдан бастап 171,6 млрд.теңгеге 1576 жоба, соның ішінде 2018 жылы 11,0 млрд. теңгеге 172 жоба қолданды, оның ішінде:

Кредит бойынша сыйақылауды субсидиялауға  154,4 млрд. теңге кредиттер сомасына 1101 жоба мақұлданған, оның ішінде 2018 жылы – 7,1 млрд.теңге сомаға 99 жоба.

Кредиттерді ішінара кепілдендіру бойынша 5,2 млрд. теңгеге 233 жоба мақұлданған, оның ішінде 2018 жылы – 944,8 млн. теңге сомаға 54 жоба;

Жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізуге 11,6 млрд.теңге сомаға 66 жоба мақұлданған; оның ішінде 2018 жылы – 3,0 млрд. теңге сомаға 5 жоба;

Гранттық қаржыландыру бойынша 439,0 млн.теңге сомаға 176 жоба мақұлданған, оның ішінде  2018 жылы  28 млн.теңгеге 14 жоба.

Микрокредиттеу құралын (2013 жылдан бастап) барлығы 232 кәсіпкер 775,7 млн.теңге сомаға пайдаланды (2017 жылдан бастап құрал нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәспкерлік бағдарламасына қосылған ).

Қолда бар 73,7 мыңнан астам жұмыс орындарын сақтап қалу және 21,4 мың жаңа жұмыс орындарын құру маңызды нәтиже болды, оның ішінде 2018 жылы 4239 жұмыс орындары сақталды және 2201 жаңа жұмыс орындары құрылды. Бағдарлама қатысушыларымен бюджет кірісіне 24,3 млрд. теңге салықтық төлемдер түсті, олардың ішінде ағымдағы жылы – 153 млн. теңге. 

2018 жылы субсидиялау үшін Абай, Ақтоғай, Ұлытау, Шет аудандары мен Қаражал қаласынан өтініштер келіп түскен жоқ.

Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту мақсатында кәсіпкерлікті жаңа бастаған және жұмыс істеп жатқан 1106 кәсіпкер «Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша оқытылды, бухгалтерлік есеп, заңдық консультациялар беру, маркетинг, бизнес-жоспарлау, ИТ-технология (3065 қызмет) салаларында бизнес жүргізуді сервистік қолдау 2501 кәсіпорынға  көрсетілді. Құзыретті Орталықтармен (КҚО, КҚО, КҚМО) 9508 кәсіпкерлік субъектілері мен жеке тұлғаларға 26974 консультациялық кеңестер берілді.

 

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасының 2-ші бағытын жүзеге асыру

2017 жылы қалалар үшін жаппай кәсіпкерлікті дамытудың екінші бағытын жүзеге асыру үшін 1021,5 млн.теңге бөлінді, оның ішінде микрокредиттеуге 966,8 млн.теңге; кепілдендіру үшін 54,7 млн.теңге. Осы қаражаттарға 84 микрокредит пен 11 кепілдік берілген.

2018 жылы 1505 млн.теңге бөлінді, оның ішінде 362,1 млн. теңгеге 30 жоба қаржыландырылды және 15 кепілдік берілді.

          «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерліктің негізіне 2017 жылы 1313 өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз адамдар оқытылды, 2018 жылы 1989 адам оқытылды.

 

Ішкі сауда

2018 жылы бөлшек сауданың жалпы көлемі 2017 жылғы тиісті кезеңіне (НКИ) 5,6% өсті және 898,0 млрд. теңгені құрады.

Бөлшек тауар айналымы бойынша өңір 4-ші орында, өсу қарқыны бойынша - 5 орын. Облыстық деңгейде НКИ-ның өсуі (100%-дан 106,7%) облыстың барлық өңірлерінде байқалды.

2018 жылы экономикалық өсімді қамтамасыз ету жоспарын шеңберінде  19991,1 млн.теңге инвестиция сомасына сауда, туризм, қызмет саласында 299 жоба жүзеге асырылды, 1782 жаңа жұмыс орны құрылды

 

Сыртқа сауда

Облыстың сыртқы сауда айналымының көлемі 2018 жылы 4 273,1 млн. АҚШ долларын немесе 2017 жылдың тиісті кезеңіне 107,1% құрады, оның ішінде тауарлар экспорты –3461,0 млн. АҚШ доллары (101,5%), импорт – 812,1 млн. АҚШ доллары (139,9%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы оң қалыптасты – 2 648,9 млн. АҚШ долл.

Экспорттың ұлғаюы 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында келесі тауарлық позициялар бойынша байқалады: темірден жасалған жартылай фабрикаттар (35,7%), темір және легирленбеген болаттан жасалған табақты илек (5,9 есе%); мыс және одан жасалған бұйымдар (22%) және т.б.

Импорттың өсуі келесі тауарларда байқалады: жануарлар мен өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік өнімдері (19,3%), минералды өнімдер (3,5 есе), құрылыс материалдары (29,0%), машина, жабдықтары (75% ма

металл және металдан жасалған бұйымдар (22% -ға).

Құру күні: 21 Қаңтар 2019

Түзету күні: 30 Қаңтар 2019

Опрос

Сайттың дизайнын бағалаңыз
  • Если вам стали известны сведения о планируемых актах террористической угрозы, либо вы стали свидетелем или сами подверглись вербовке, уговорам со стороны радикально настроенных лиц, узнали, что кто-то распространяет литературу или другую информацию, пропагандирующую терроризм и религиозный эктремизм, просьба, не задумываясь, позвонить на номер 110
Авторские права © 2012-2015 «Управление предпринимательства Карагандинской области»
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»