Погода в Караганде °C
USD EUR RUB
WAP Карта сайта
Версия для слабовидящих
home
home home

Аблаева Татьяна Юрьевна
Руководитель управления предпринимательства

Аблаева Татьяна Юрьевна

Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Сәлемдесу Сұрақ қою Сұрақтар мен жауаптар мұрағаты Жиі қойылатын сұрақтар


Мемлекет басшысының 2015 жылғы 30 қарашадағы №1262 Жарлығымен бекітілген 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспардың іс-шараларын орында

Реттік

ЖҰЖ реттік №

Іс-шаралар атауы

01.05.16ж. орындалуы

1

2

3

 

1

1.

Қарағанды облысының 2016-2018 жылдарға арналған экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі дағдарысқа қарсы іс-қимылдар жоспарын әзірлеу

       Қарағанды облысының 2016-2018 жылдарға арналған экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі дағдарысқа қарсы іс-қимылдар жоспары (бұдан әрі – Дағдарысқа қарсы жоспар) шеңберінде Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасына 36 іс-шара бекітілген, олардың ішінде Басқарма 16 тармақ бойынша негізні орындаушы, 20 тармақта – бірге орындаушы болып табылады.
Дағдарысқа қарсы жоспардың негізгі бағыттарының бірі 2.1.4- тарау «Шағын және орта бизнесті қолдау» болып табылады.  
Жоспарда 2016 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бірыңғай бағдарлама бойынша өндірісті жаңғырту және одан әрі дамытуға бағытталған кемінде 200 жобаны қолдауды қамтамасыз ету көзделген.
01.05.16ж. жағдай бойынша «БЖК-2020» ББ шеңберінде 55 жоба 10,3 млрд.теңге сомаға қолдау тапқан. Оның нәтижесінде 1660 жұмыс орны сақталды және жаңадан 227 жұмыс орындары құрылды, 1,5 млрд.теңге салық төлемдері түсті.
Кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдаудың маңыздылығын назарға ала отырып, 2016 жылы 26 мыңнан астам кәсіпкерлерді оқытумен, бизнестің әртүрлі салаларындағы консультациялармен қамту жоспарланып отыр.  
Ағымдағы жылғы қаңтар-сәуірде  769 кәсіпорынға (953 қызмет көрсету) сервистік қолдау көрсетілді және 2185 адамға (4937 қызмет көрсету) бизнесті жүргізу мәселелері бойынша әртүрлі консультациялық қызметтер көрсетілді (КҚО, КҚО, КҚМО). «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша 204 адам оқытудан өтті.
01.05.16ж. жағдай бойынша сауда, туризм және қызметтерді көрсету саласында 390 жұиыс орындарын құра отырып, инвестициялардың 2929,1 млн. теңге сомасына 43 нысан іске қосылды. Қаңтар-сәуір айларында іске қосылған нысандардан жергілікті бюджетке түскен салық түсімдерінің сомасы 6377,6 мың теңгені құрады.
Дағдарысқа қарсы жоспардың көрсетілген тармақтарын іске асыру осы жылы кемінде 1,5 мың жаңа жұмыс орындарын құруға және 5,5 мыңға жуық жұмыс орындарын сақтап қалуға мүмкіндік береді. Бюджет кірісіне бағдарлама қатысушыларынан шамамен 1,5 млрд. теңге салық түсімдері күтілуде.

Құру күні: 01 Маусым 2016

Түзету күні: 01 Маусым 2016

Опрос

Сайттың дизайнын бағалаңыз
  • Если вам стали известны сведения о планируемых актах террористической угрозы, либо вы стали свидетелем или сами подверглись вербовке, уговорам со стороны радикально настроенных лиц, узнали, что кто-то распространяет литературу или другую информацию, пропагандирующую терроризм и религиозный эктремизм, просьба, не задумываясь, позвонить на номер 110
Авторские права © 2012-2015 «Управление предпринимательства Карагандинской области»
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»