Погода в Караганде °C
USD EUR RUB
WAP Карта сайта
Версия для слабовидящих
home
home home

Аблаева Татьяна Юрьевна
Руководитель управления предпринимательства

Аблаева Татьяна Юрьевна

Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Сәлемдесу Сұрақ қою Сұрақтар мен жауаптар мұрағаты Жиі қойылатын сұрақтар


ҚР ҰЭМ анықтамасы

Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингі туралы АНЫҚТАМА
Мемлекет басшысы «Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингі және оның қорытындылары бойынша арнайы сыйлық беру туралы» 2017 жылғы 24 қарашада № 590 Жарлыққа қол қойды.
«Алтын Сапа» және «Парыз» арнайы сыйлықтарымен ұқсастыған қарай, осы Жарлықпен Арнайы сыйлық беру ережесі мен рейтингтің қорытындыларын шығару жөніндегі Комиссия туралы Ережені бекітеді.
Бағалаудың негізгі міндеті қолайлы бизнес-ахуалды қалыптастыру және өңірлердегі кәсіпкерлермен өзара іс-қимыл жасауда қолда бар күшті тараптарды арттыру және және әлсіз тараптарды жою үшін жергілікті билік органдары жұмысының әлеуетті бағыттарын айқындау болып табылатынын атап өту қажет.
Бекітілген тәртіпке сәйкес, Ұлттық экономика министрлігі рейтингтің ұйымдастырушысы болып табылады, ол оның қорытындыларын Президент Әкімшілігіне Комиссияда қорытындыларды шығару үшін жібереді.
Бұдан басқа, Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингін жүргізу әдістемесі бекітілді.
Ағымдағы жылы рейтингті жүргізу пилоттық тәртіпте жүргізілгенін ескере отырып, нәтижелерді жалпылау қорытындылары бойынша бағалау әдістемесі 2018 жылы түзетілуі мүмкін.
Қолданыстағы әдістемеге сәйкес жеңімпаз 2016 жылдың қорытындылары бойынша статистикалық мәліметтердің және 2017 жылы өткізілген кәсіпкерлер сауалнамасы негізінде 14 облыс пен Астана және Алматы қалаларының арасында анықталады.
Сауалнама әдісімен бағаланатын 14 статистикалық көрсеткіш және 5 фактор қарастырылған: реттеуші ахуал, инфрақұрылым, қаржы қол жетімділігі, адами капитал, шешімдердің ашықтығы (барлығы 131 сұрақ).
Сауалнама деректері 2017 жылы кәсіпкерлер жауаптарының жинытық нәтижелері ретінде 59 қалада (Астана және Алматы ққ., 14 облыс орталықтарында, 20 облыстық маңызы бар қалалар мен   23 аудандық маңызы бар қалаларда) қалыптасты.
Барлығы 8263 кәсіпкерден, әр қалада - 119-дан 265-ке дейін респонденттерден сұхбат алынды (өңір қалаларының тұрғындар санына, сондай-ақ өңірлік экономиканың құрылымына байланысты).
Сауалнама көрсеткіштерінің жинақтау кезіндегі жалпы салмағы (мәні) 40%-дан астам деп қабылданды.
2016 жылғы статистикалық деректер пайдаланылды, бұған 2017 жылдың 9 айы ішіндегі деректер қолданылған 4 көрсеткіш қосылмайды:

  • ШОК үшін мерзімдерін бұза отырып көрсетілген мемлекеттік қызметтер үлесі;
  • ШОК жұмыс істейтін 1000 субъектісіне келетін тексерулер саны;
  • ШОК 100 субъектісіне шаққанда жергілікті мемлекеттік органдарға ШОК талаптары бойынша сот істерінің саны;
  • Жұмыс істейтін ШОК санының өсу қарқыны.

2017 жылдың 9 айы ішінде пайдаланылатын статдеректер бизнес маусымдылығын есепке алуды талап ететін қаржылық көрсеткіштер болып табылмайтынын атап өткен жөн (яғни, толық жылдың қорытындысы негізінде есептелуі тиіс).
Динамикалық көрсеткіштерді есептеу кезінде 2015 жылғ деректер негізге алынды.
Статистикалық көрсеткіштерінің жинақтау кезіндегі жалпы салмағы (мәні) 60%-дан астам деп қабылданды.
Мемлекет басшысының 2017 жылғы 6 желтоқсанда Индустрияландыру күнінде айтылған тапсырмасына сәйкес, 2018 жылғы арнайы сыйлықтардың иегерлерлі екі номинация бойынша - 16 өңірлер арасында, сондай-ақ облыс орталықтарын қоса алғанда, аудандық/қалалық деңгейдегі 214 әкімшілік-аумақтық бірліктер арасында анықталатын болады.
Рейтингтің қорытынды нәтижелері бойынша 2017 жылы Астана қаласы бизнесті жүргізудің үздік аймағы деп танылды, үздік үштікке сондай-ақ  Маңғыстау және Шығыс-Қазақстан облыстары кіреді.


Өңір

5-баллдан

1

Астана қаласы

                    3,35  

2

Маңғыстау облысы

                    3,28  

3

Шығыс Қазақстан облысы

                    3,28  

4

Солтүстік Қазақстан облысы

                    3,21  

5

Атырау облысы

                    3,18  

6

Батыс Қазақстан облысы

                    3,17  

7

Алматы қаласы

                    3,16  

8

Қызылорда облысы

                    3,05  

9

Ақтөбе облысы

                    3,03  

10

Қостанай облысы

                    2,98  

11

Алматы облысы

                    2,98  

12

Жамбыл облысы

                    2,92  

13

Қарағанды облысы

                    2,91  

14

Павлодар облысы

                    2,89  

15

Оңтүстік Қазақстан облысы

                    2,89  

16

Ақмола облысы

                    2,87  

Статистикалық деректер (60% жинақтау кезіндегі салмағы)

Өңір

5-баллдан

1

Атырау облысы

        3,23  

2

Алматы қаласы

        3,17  

3

Астана қаласы

        3,11  

4

Шығыс Қазақстан облысы

        3,08  

5

Жамбыл облысы

        3,04  

6

Алматы облысы

        2,94  

7

Батыс Қазақстан облысы

        2,93  

8

Маңғыстау облысы

        2,93  

9

Қызылорда облысы

        2,84  

10

Солтүстік Қазақстан облысы

        2,75  

11

Қарағанды облысы

        2,74  

12

Ақтөбе облысы

        2,73  

13

Оңтүстік Қазақстан облысы

        2,69  

14

Ақмола облысы

        2,69  

15

Қостанай облысы

        2,68  

16

Павлодар облысы

        2,63  

Сауалнама деректері (40% жинақтау кезіндегі салмағы)

Өңір

5-баллдан

1

Солтүстік Қазақстан облысы

        3,89  

2

Маңғыстау облысы

        3,82  

3

Астана қаласы

        3,71  

4

Шығыс Қазақстан облысы

        3,58  

5

Батыс Қазақстан облысы

        3,52  

6

Ақтөбе облысы

        3,49  

7

Қостанай облысы

        3,44  

8

Қызылорда облысы

        3,36  

9

Павлодар облысы

        3,30  

10

Оңтүстік Қазақстан облысы

        3,18  

11

Қарағанды облысы

        3,17  

12

Ақмола облысы

        3,15  

13

Алматы қаласы

        3,14  

14

Атырау облысы

        3,11  

15

Алматы облысы

        3,04  

16

Жамбыл облысы

        2,74  

Астана қаласы (рейтингтегі 1-ші орын) мынадай статистикалық көрсеткіштер бойынша үздік нәтижелер көрсетті: ШОК-гі жұмыспен қамтудың өсу қарқыны (елімізде 1-ші орын), жалпы жұмыспен қамтудағы ШОК-гі жұмыспен қамту үлесінің өсу қарқыны (1), ең төменгі күнкөріс деңгейіне келетін халықтың жан басына шаққандағы табысы (2), негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқыны (3), шикізаттық емес сектор кәсіпорындарының негізгі капиталына сыртқы инвестициялардың өсу қарқыны (3).
Астана қаласы мынадай сауалнама көрсеткіштері бойынша жоғары баллдар жинады: қаржылық қолдау алу (1), жалпы (2) мемлекеттік органдардың тұтастай жұмыс тиімділігі (2), сондай-ақ кадрлардың қол жетімділігі мен сапасы (3), ЖАО жұмысының ашықтығы (3).
Ең төменгі баллдар мынадай статистикалық көрсеткіштер бойынша алынды: ШОК  субъектілерінен салықтық аударымдар көлемінің өсу индексі (16), ШОК үшін мерзімдерін бұза отырып көрсетілген мемлекеттік қызметтер үлесі (16), ШОК өндіріс көлеміне келетін республикалық бюджет есебінен және жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік қолдау көлемі (15).
Сауалнама көрсеткіштерінің арасында ең төменгі нәтиже, рұқсат құжаттарын алумен (10), инфрақұрылым объектілерін сатып алу және жалдаумен (9), түсіндіру жұмыстарын жүргізу жиілігімен, талқылауға қатысу және жүргізілетін реформаларға ықпал ету мүмкіндігімен байланысты (9).
Маңғыстау облысы (рейтингтегі 2-ші орын) келесі статистикалық көрсеткіштер бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізді: ШОК өндіріс көлемінің өсу қарқыны (2), жұмыс істеп тұрған ШОК санының өсу қарқыны (4), ең төменгі күнкөріс деңгейіне келетін халықтың жан басына шаққандағы табысы (4), ШОК-гі жұмыспен қамтудың өсу қарқыны (4).
Облыс мынадай 8 сауалнама көрсеткіштері бойынша ең жоғары баллдар жинады: инфрақұрылым объектілерін сатып алу және жалдау (1), автожолдардың сапасы (1), бизнесті дамытуға арналған мамандандырылған алаңдар (1), кадрлардың қол жетімділігі мен сапасы (1) кадрларды дамыту мүмкіндігі (1), жергілікті ЖОО және ТжКБ бар болуы және сапасы (1), сот жүйесі мен құқық қорғау органдарына сенім деңгейі (1), кәсіпкерлік қызметке араласудан қорғалу (1).
Осы өңірдегі статистикалық көрсеткіштердің арасында нашар нәтижелер мынадай көрсеткіштер бойынша байқалады: ШОК үшін мерзімдерін бұза отырып көрсетілген мемлекеттік қызметтер үлесі (15), шикізаттық емес сектор кәсіпорындарының негізгі капиталына сыртқы инвестициялардың өсу қарқыны (15), ШОК өндіріс көлеміне келетін республикалық бюджет есебінен және жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік қолдау көлемі (14).
Ең төменгі нәтижелер мына сауалнама көрсеткіші: коммуналдық қызметтер (7) бойынша алынды.
Шығыс Қазақстан облысы (рейтингтегі 3-ші орын) мынадай статистикалық көрсеткіштер бойынша үздік нәтижелерге қол жеткізген: ШОК субъектілерін қолдау үшін жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат көлемінің өсу қарқыны (1), шикізаттық емес сектор кәсіпорындарының негізгі капиталына сыртқы инвестициялардың өсу қарқыны (2), сондай-ақ ШОК өндіріс көлемінің өсу қарқыны (3).
Өңір мынадай сауалнама көрсеткіштері бойынша жоғары нәтижелер көрсетті: рұқсат құжаттарын алу жеңілдігі (2), коммуналдық желілерге қосу (2), коммуналдық қызметтердің тарифтері және сапасы (2), сот жүйесі мен құқық қорғау органдарына сенім деңгейі (3), мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігі (3).
Ең төменгі балл мынадай статистикалық көрсеткіштер бойынша тіркелген: ШОК негізгі капиталына инвестициялардың өсу қарқыны (16), жұмыс істейтін ШОК санының өсу қарқыны (16), ШОК үшін мерзімдерін бұза отырып көрсетілген мемлекеттік қызметтер үлесі (12), ең төменгі күнкөріс деңгейіне келетін халықтың жан басына шаққандағы табысы (12).
Төмен нәтижелер мына сауалнама көрсеткіштері бойынша алынды: автожолдардың сапасы (13) және кәсіпкерлік қызметке араласудан қорғалу (10).
Рейтингтің орташа орындарын Солтүстік-Қазақстан, Атырау, Батыс-Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Алматы, Жамбыл және Қарағанды ​​облыстары мен Алматы қаласы иеленді.
Солтүстік-Қазақстан облысы (рейтингтегі 4-ші орын) мынадай статистикалық көрсеткіштер бойынша үздік нәтижелер көрсетті: 1000 ШОК шаққанда мемлекеттік көмек (гранттар, кепілдіктер, несиелер, көмекқаржылар, инфрақұрылым шығындары) алған жобалар саны (елімізді 1-ші орын) және ШОК өндіріс көлеміне келетін республикалық бюджет есебінен және жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік қолдау көлемі (1).
Солтүстік-Қазақстан облысы мынадай сауалнама көрсеткіштері бойынша жоғары баллдар жинады: жүргізілетін реформалар (1), коммуналдық қызметтер (1), коммуналдық желілерге қосу (1).
Ең төменгі баллдар мынадай статистикалық көрсеткіштер бойынша алынды: ШОК жұмыс істейтін 1000 субъектілеріне келетін тексерулер саны (16), ШОК 1000 субъектісіне шаққанда мемлекеттік органдарға ШОК талаптары бойынша жүргізілген сот істерінің саны (16), ШОК субъектілерін қолдау үшін жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражат көлемінің өсу қарқыны (14).
Сауалнама көрсеткіштерінің арасында ең төменгі нәтиже кәсіпкерлік қызметке араласудан қорғалу (16), кадрларды дамыту мүмкіндігі (13), автожолдар сапасымен (12) байланысты.
Атырау облысы (рейтингтегі 5-ші орын) келесі статистикалық көрсеткіштер бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізді:  ең төменгі күнкөріс деңгейіне келетін халықтың жан басына шаққандағы табысы (1-ші орын), ШОК субъектілерінің базалық жылға салықтық аударымдар көлемінің өсу индексі (1) және ШОК негізгі капиталына инвестициялардың өсу қарқыны (4).
Облыс келесі сауалнама көрсеткіштері бойынша ең жоғары баллдар жинады: бизнесті дамытуға арналған мамандандырылған алаңдар (технологиялық парктер, ИЗ, бизнес-инкубаторлар, инвесторлар мен кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары) (3), қаржылық емес қолдау алу (5), жергілікті ЖОО және ТжКБ бар болуы және сапасы (5).
Осы өңірдегі статистикалық көрсеткіштердің арасында нашар нәтижелер мынадай көрсеткіштер мынадай көрсеткіштер бойынша байқалады: ШОК субъектілерін қолдау үшін жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат көлемінің өсу қарқыны (16), ШОК өндіріс көлемінің өсу қарқыны (14), ШОК өндіріс көлеміне келетін республикалық бюджет есебінен және жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік қолдау көлемі (13).
Ең төменгі нәтижелер мына сауалнама көрсеткіштері бойынша алынды: кадрлардың қол жетімділігі мен сапасы (16), мелекеттік органдар жұмысының тиімділігі (16), ЖАО жұмысының ашықтығы (16).
Батыс-Қазақстан облысы (рейтингтегі 6-шы орын) мынадай статистикалық көрсеткіштер бойынша үздік нәтижелерге қол жеткізді: ШОК үшін мерзімдерін бұза отырып көрсетілген мемлекеттік қызметтер үлесі (1), 1000 ШОК шаққанда мемлекеттік көмек (гранттар, кепілдіктер, несиелер, көмекқаржылар, инфрақұрылым шығындары) алған жобалар саны (2), ШОК-гі жұмыспен қамтудың өсу қарқыны (2).
Өңір мынадай сауалнама көрсеткіштері бойынша жоғары нәтижелер көрсетті: бизнесті дамытуға арналған мамандандырылған алаңдар (технологиялық парктер, ИЗ, бизнес-инкубаторлар, инвесторлар мен кәсіпкерлерге қызмет көсрету орталықтары) (2-ші орын), кәсіпкерлік қызметке араласудан қорғалу (2), кадрларды дамыту мүмкіндігі (2).
Ең төменгі балл мынадай статистикалық көрсеткіштер бойынша тіркелді: жұмыс істейтін ШОК саныынң өсу қарқыны (14), 1000 ШОК шаққанда мемлекеттік органдарға ШОК талаптары бойынша жүргізілген сот істерінің саны (13), ШОК өндіріс көлеміне келетін республикалық бюджет есебінен және жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік қолдау көлемі (12).
Ең төменгі нәтижелер мына сауалнама көрсеткіштері бойынша алынды: рұқсат құжаттарын алу (14), инфрақұрылым объектілерін сатып алу және жалдау (12), жергілікті ЖОО және ТжКБ бар болуы және сапасы (12).
Алматы қаласы ( рейтингте 7-інші орын) келесі статистикалық көрсеткіштер бойынша  үздік нәтижелер көрсетті: ШОК өндіріс көлемінің өсу қарқыны (1), әрекет ететін ШОК сандарының өсу қарқыны (1) және ең төменгі күнкөріс деңгейіне қарағанда халықтың жан басына шаққандағы табысы (3).
Астана қаласы келесі сауалнама көрсеткіштері бойынша жоғары балл жинады: жергілікті ЖОО-лардың және ТжКБ болуы және саны (2-інші орын) және кәсіпкерлік қызметке араласудан қорғалуы (5).
Келесі статистикалық көрсеткіштер бойынша ең аз балл алынды: ШОК өндіріс көлеміне қарағанда республикалық бюджет есебінен және жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік қолдау көлемі (16) және 1000 ШОК шаққанда мемлекеттік көмек (гранттар, кепілдіктер, кредиттер, субсидиялар, инфрақұрылым шығындары) алған жобалардың саны (15).
Сауалнама көрсеткіштерінің арасында ең төмен нәтиже сот жүйесі мен құқық қорғау органдарына сенім деңгейімен (16), мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігімен (14), жүргізілген реформалармен (14) байланысты.
Қызылорда облысы ( рейтингте 8-інші орын) келесі статистикалық көрсеткіштер   бойынша ең үздік нәтижеге ие болды: ШОК субъектілерін қолдауға жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат көлемінің өсу қарқыны (2), базалық жылға қарағанда ШОК субъектілерінен салық аударымдары көлемінің өсу индексі (2), 1000 ШОК шаққанда мемлекеттік көмек (гранттар, кепілдіктер, кредиттер, субсидиялар, инфрақұрылым шығындары) алған жобалардың саны (3).
Облыс келесі сауалнама көрсеткіштері бойынша үздік нәтижелерге ие болды: автожолдардың сапасы (2), инфрақұрылым объектілерін сатып алу және жалдау (2), жүргізілетін реформалар.
Облыста статистикалық көрсеткіштердің арасында жалпы жұмыспен қамтуда ШОК-та жұмыспен қамту үлесінің өсу қарқыны (16), ШОК негізгі капиталына салынатын инвестициялардың өсу қарқыны (15), ШОК жұмыспен қамтудың өсу қарқыны (15) бойынша ең нашар нәтиже  байқалады.
Келесі сауалнама көрсеткіштері бойынша ең төмен нәтиже алынды: қаржылай емес қолдау алу (15), бизнесті дамытуға арналған мамандандырылған алаңдар (технопарктер, ИА, бизнес-инкубаторлар, инвесторлар мен кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары) (14), жергілікті ЖОО және ТжКБ болуы және сапасы (14).
Ақтөбе облысы (рейтингте 9-ыншы орын) келесі статистикалық көрсеткіштер бойынша жоғары нәтижелер көрсетті: шикізат емес сектор кәсіпорындарының негізгі капиталына сыртқы инвестициялардың өсу қарқыны (1), 1000 ШОК шаққанда мемлекеттік көмек (гранттар, кепілдіктер, кредиттер, субсидиялар, инфрақұрылым шығындары) алған жобалардың саны (4).
Оған қоса, облыс келесі сауалнама көрсеткіштері бойынша жоғары балл жинады: қаржылай емес қолдау алу (1), қаржылай қолдау алу (2), кадрлардың қолжетімділігі және сапасы (4).
Келесі статистикалық көрсеткіштер бойынша ең төмен балл белгіленді: базалық жылға қарағанда ШОК субъектілерінен салық аударымдары көлемінің өсу индексі (15), әрекет ететін 1000 ШОК шаққанда тексерістер саны (15), ШОК өндіріс көлемінің өсу қарқыны (15).
Сауалнама көрсеткіштері бойынша автожолдардың сапасы (14), кәсіпкерлік қызметке араласудан қорғалуы (14) бойынша нашар ахуал байқалады.
Қостанай облысы  (рейтингте 10-ыншы орын) мына статистикалық көрсеткіштер бойынша үздік нәтижелерге қол жеткізді: ШОК негізгі капиталына инвестициялардың өсу қарқыны (2), 1000 ШОК шаққанда мемлекеттік көмек (гранттар, кепілдіктер, кредиттер, субсидиялар, инфрақұрылым шығындары) алған жобалардың саны (5).
Өңір келесі сауалнама көрсеткіштері бойынша жоғары нәтиже көрсетті: инфрақұрылым объектілерін сатып алу және жалдау (3), жүргізілетін реформалар (4), мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігі (4).
Келесі статистикалық көрсеткіштер бойынша  ең төмен балл белгіленген: әрекет етуші ШОК санының өсу қарқыны (15), әрекет етуші 1000 ШОК шаққанда тексерістер саны (14), жалпы жұмыспен қамтуда ШОК жұмыспен қамту үлесінің өсу қарқыны 14).
Мына сауалнама көрсеткіштері бойынша нәтиже жоғары емес: автожолдардың сапасы (15), кадрлардың қолжетімділігі және сапасы (15), коммуналдық қызметтер (14).
Алматы облысы (рейтингте 11-інші орын) келесі статистикалық көрсеткіштер  бойынша жақсы нәтижелерге ие болды: 1000 ШОК шаққанда мемлекеттік органдарға ШОК талапарыздары бойынша сот істерінің саны (1), әрекет етуші 1000 ШОК шаққанда тексерістер саны (2), ШОК субъектілерін қолдауға жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражат көлемінің өсу қарқыны (3).
Облыс келесі сауалнама көрсеткіштері бойынша ең жоғары нәтижелерге ие болды: кәсіпкерлік қызметке араласудан қорғау (6), ЖАО жұмысының ашықтығы (8), коммуналдық қызметтер (8).
Статистикалық көрсеткіштер арасында шикізат емес сектор кәсіпорындарының негізгі капиталына сыртқы инвестициялардың өсу қарқыны (14), ең төменгі күнкөріс деңгейіне қарағанда халықтың жан басына шаққандағы орташа табысы (14), әрекет етуші ШОК санының өсу қарқыны (12) бойынша ең төмен нәтижелер байқалады.
Кәсіпкерлердің пікірінше, рұқсат құжаттарын алу (16),жергілікті ЖОО және ТжКБ болуы және сапасы (15), кадрлардың қолжетімділігі мен сапасы (14) бойынша ең төмен нәтиже алынды.
Жамбыл облысы (рейтингте 12-інші орын) келесі статистикалық көрсеткіштер бойынша жоғары нәтижелерді көрсетті: ШОК негізгі капиталына инвестициялардың өсу қарқыны (1), ШОК өндіріс көлеміне қарағанда республикалық бюджет есебінен және жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік қолдау көлемі (2),әрекет етуші ШОК санының өсу қарқыны (2).
Оған қоса, келесі сауалнама көрсеткіштері бойынша жоғары балл жинады: кадрлардың қолжетімділігі және сапасы (8), автожолдардың сапасы (11).
Статистикалық көрсеткіштер бойынша ШОК жұмыспен қамтудың өсу қарқыны (16), ең төменгі күнкөріс деңгейіне қарағанда халықтың жан басына шаққандаға орташа табысы (15), жалпы жұмыспен қамтуда ШОК-та жұмыспен қамту (15) үлесінің өсу қарқыны бойынша ең нашар ахуал байқалады.
Келесі сауалнама көрсеткіштері бойынша ең төме балл белгіленді: жергілікті ЖОО және ТжКБ болуы және сапасы (16), объектінің құрылысы (16), инфрақұрылым объъектілерін сатып алу және жалдау (16).
Қарағанды облысы ( рейтингте 13-інші орын) келесі статистикалық көрсеткіштер бойынша үздік нәтижелерге қол жеткізді: 1000 ШОК шаққанда мемлекеттік органдарға ШОК талапарыздары бойынша сот істерінің саны (2), базалық жылға қарағанда ШОК субъектілерінен салық аударымдары көлемінің өсу индексі (4), жалпы жұмыспен қамтуда ШОК жұмыспен қамту үлесінің өсу қарқыны (4).
Өңір мына сауалнама көрсеткіштері бойынша жоғары нәтижелерді көрсетті: кәсіпкерлік қызметке араласудан қорғалуы (7), рұқсат құжаттарын алу (7).
Келесі статистикалық көрсеткіштер бойынша ең төмен балл белгіленді: ШОК үшін мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі (14), ШОК негізгі капиталына инвестициялардың өсу қарқыны (14), 1000 ШОК шаққанда мемлекеттік көмек (гранттар, кепілдіктер, кредиттер, субсидиялар, инфрақұрылым шығындары) алған жобалардың саны (13).
Келесі сауалнама көрсеткіштері бойынша нәтижелер жоғары емес: автожолдардың сапасы (16), коммуналдық қызметтер (15), ЖАО жұмысының ашықтығы (15).
Павлодар облысы (рейтингте 14-інші орын) келесі статистикалық көрсеткіштер бойынша үздік нәтижелер алды: ШОК үшін мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі (2), жалпы жұмыспен қамтуда ШОК жұмыспен қамту үлесінің өсу қарқыны (3), тең төменгі күнкөріс деңгейіне қарағанда халықтың жан басына шаққандаға орташа табысы (5).
Облыс келесі сауалнама көрсеткіштері бойынша үздік нәтиже көрсетті: ЖОО және ТжКБ түлектерінің болуы және сапасы (3), кадрларды дамыту (3), сондай-ақ рұқсат құжаттарын алу (4).
Облыста статистикалық көрсеткіштердің арасында ШОК өндіріс көлемінің өсу қарқыны (16), ШОК субъектілерінен салық аударымдары көлемінің өсу қарқыны (14), ШОК субъектілерін қолдауға жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражат көлемінің өсу қарқыны (13) бойынша нашар нәтиже байқалады.
Келесі сауалнама көрсеткіштері бойынша ең төмен нәтижелер алынды: коммуналдық желілерге қосылу (15), сот жүйесіне және құқық қорғау органдарына сенім деңгейі (14) және түсіндіру жұмыстарын жүргізу жиілігі, талқылауға қатысу және жүргізілетін реформаларға ықпал ету мүмкіндігі (13), коммуналдық қызметтердің тарифтері мен сапасы (13).
Оңтүстік Қазақстан облысы (рейтингте 15-інші орын)  келесі статистикалық көрсеткіштер бойынша жақсы нәтижелерге ие болды: әрекет етуші 1000 ШОК шаққандағы тексерістер саны (1), әрекет етуші ШОК санының өсу қарқыны (3), ШОК субъектілерінен салық аударымдары көлемінің өсу индексі (5), ШОК жұмыспен қамтудың өсу қарқыны (5).
Келесі сауалнама көрсеткіштері бойынша облыс ең жақсы нәтижелерді иеленді: коммуналдық желілерге қосылу (3), коммуналдық қызметтердің тарифтері мен сапасы (3), автожолдардың сапасы (3).
Статистикалық көрсеткіштер арасында 1000 ШОК шаққанда мемлекеттік көмек алған жобалардың саны (16), ең төменгі күнкөріс деңгейіне қарағанда халықтың жан басына шаққандағы орташа табысы (16), 1000 ШОК шаққанда мемлекеттік органдарға ШОК талапарыздары бойынша сот істерінің саны (15) бойынша нашар нәтиже байқалады.
Кәсіпкерлердің пікірінше, рұқсат құжаттарды алу (15), қаржылай қолдау (14), ЖАО жұмысының ашықтығы (12), кадрларды дамыту мүмкіндігі (12), меморгандар жұмысының тиімділігі (12) бойынша ең төмен нәтижелер алынды.
Ақмола облысы (рейтингте 16-ыншы орын) келесі статистикалық көрсеткіштер бойынша жоғары нәтижелерді көрсетті: ШОК үшін мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі (3), ШОК өндіріс көлеміне республикалық бюджет есебінен және жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік қолдау көлемі (4), сондай-ақ ШОК өндіріс көлемінің өсу қарқыны (7).
Оған қоса, келесі сауалнама көрсеткіштері бойынша облыс жоғары балл жинады: объектінің құрылысы (2), жалпы алғанда мемлекеттік органдар жұмысынның тиімділігі (5), сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін сатып алу және жалдау (5).
Келесі статистикалық көрсеткіштер бойынша ең төмен балл белгіленді: шикізат емес сектор кәсіпорындарының негізгі капиталына сыртқы инвестициялардың өсу қарқыны (16), 1000 ШОК шаққанда мемлекеттік органдарға ШОК талапарыздары бойынша сот істерінің саны (14), әрекет етуші ШОК санының өсу қарқыны (13).
Сауалнама көрсеткіштері бойынша бизнесті дамытуға арналған мамандандырылған алаңдардың болуы және тиімділігі (16), қаржылай емес және қаржылай қолдау алу (16), кәсіпкерлік қызметке араласудан қорғалуы (15), жүргізілетін реформалар (15) бойынша нашар ахуал байқалады.

 

Құру күні: 28 Мамыр 2018

Түзету күні: 29 Мамыр 2018

Опрос

Сайттың дизайнын бағалаңыз
  • Если вам стали известны сведения о планируемых актах террористической угрозы, либо вы стали свидетелем или сами подверглись вербовке, уговорам со стороны радикально настроенных лиц, узнали, что кто-то распространяет литературу или другую информацию, пропагандирующую терроризм и религиозный эктремизм, просьба, не задумываясь, позвонить на номер 110
Авторские права © 2012-2015 «Управление предпринимательства Карагандинской области»
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»