Погода в Караганде °C
USD EUR RUB
WAP Карта сайта
Версия для слабовидящих
home
home home

Аблаева Татьяна Юрьевна
Руководитель управления предпринимательства

Аблаева Татьяна Юрьевна

Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Сәлемдесу Сұрақ қою Сұрақтар мен жауаптар мұрағаты Жиі қойылатын сұрақтар


Басқарма ережесі

Қарағанды облысы әкімдігінің
2018  жылғы «29» наурыздары
13/14 қаулысымен
Бекітілген

«Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің
Ережесі  

1. Жалпы ережелер

1. «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлікті, сауда, сыртқы экономикалық байланыстар және туризмді дамытуды, жергілікті атқарушы органдар мен бизнес-қауымдастықтардың өзара іс-қимылын, соның ішінде Қарағанды облысының кәсіпкерлері үшін әкімшілік кедергілерді азайту мәселерін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: М03Р9Т5, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 13.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: государственное учреждение «Управление предпринимательства Карагандинской области».

      10. Осы Ереже «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен  жүзеге асырылады.

      12. «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесіне «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

       Егер «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

       13. Миссиясы:

«Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қарағанды облысында кәсіпкерлік, бизнес, сауда, туризм саласын, бизнес-қауымдастықтардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын, Қарағанды облысының кәсіпкерлері үшін әкімшілік кедергілерді азайту салаларында мемлекеттік басқару функцияларын орындауға уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады. Қарағанды облысында шағын, орта кәсіпкерлікті кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жолымен қолдау және дамыту.

      14. Міндеттері:

      1) Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімінің,  жетекшілік ететін салалар бойынша облыс әкімінің орынбасарының тапсырмаларын орындау;

     2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларын жүзеге асыру;

     3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

     4) ішкі және сыртқы сауданы дамыту (оның ішінде электрондық сауда);

     5) шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын қолдау;

     6) жетекшілік ететін салалар бойынша мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) жеке кәсiпкерлiктi дамыту және қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасайды;

      3) жергiлiктi атқарушы органдардың жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің бiрлестiктерiмен, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындайды;

       4) жеке кәсіпкерлікті жергілікті деңгейде мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;            

      5) индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі  өңірлік үйлестіру кеңесі жұмысын ұйымдастырады;

      6) сарапшылар кеңесі қызметін ұйымдастырады;

      7)  кәсіпкерлік мәселесі жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастырады;

      8) Басқарма құзіреті шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды  үйлестіруді жүзеге асырады;

       9) тиісті салада мемлекеттік сауда саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді;

       10) Басқарма құзіреті шегінде азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар, халықтың тіршілігін қамтамасыз ету қызметтерінің жұмысын ұйымдастырады;

        11) туристік қызметтер көрсету нарығына талдау жасайды және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туризмнің дамуы туралы қажетті мәліметтерді уәкілетті органға табыс етеді;

        12) Басқарма құзіреті шегінде сыртқы экономикалық қызмет мәселелері бойынша тиісті саладағы жұмысты үйлестіреді;

        13) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеуеті, туризм нысандары және туристік қызметтерді жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат ұсынады;

       14) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызмет) лицензиялар беруді жүзеге асырады;

        15) уәкілетті органмен келісу бойынша туристік саланы дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді;

        16) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді;

         17)  «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзіреті шегінде туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

          18) «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзіреті шегінде  халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту шарасы ретінде туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті дамытады және қолдайды;

           19) «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзіреті шегінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;

         20) «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзіреті шегінде туристік ақпарат орталығын құрады;

         21) «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзіреті шегінде жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын жасасады;

22) «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзіреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының және жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін жүзеге асырады;

         23) «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзіреті шегінде Қарағанды облысында жүзеге асырылатын индустриалды-инновациялық даму саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына қатысты конкурс немесе тікелей келіссөздер ұйымдастыруды жүзеге асырады;

         24)  жетекшілік ететін салада цифрлық технологияларды дамыту;

         25) мемлекеттік орган қызметкерлерінің цифрлық сауаттылығын арттыру үшін жағдай жасайды;

          26) ашық деректердің интернет-порталында өз құзыреті шегінде Қарағанды облысы бойынша ашық деректер жиынтығын  орналастыру және өзектендіруді қамтамасыз етеді;

           27)  Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілдіктерді жүзеге асырады;

      16. Құқықтары және міндеттері:

      1) «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне енетін мәселелер бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдіктерінің жұмысын үйлестіру;

      2) «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен жүктелген өзге өкілеттіктерді іске асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

       17. «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      18. «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      19. «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының әкімнің жетекшілік жасайтын орынбасары мен облыс әкімі аппаратының басшысымен келісу бойынша қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

      20. «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) өз орынбасарының және құрылымдық бөлімшелердің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

      2) заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және босатады;

      3) заңнамамен белгіленген тәртіпте Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза белгілейді және марапаттайды;

      4) Басқарма құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      5) «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесі атынан мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда өкілдік етеді;

      6) облыс әкімінің және әкімдігінің тапсырмаларына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

      7) «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      21. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

       22. «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      23. «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      25.  Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Жұмыс тәртібі

     26. «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қалыптастырылады.

6. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      27. «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Түзету күні: 22 Мамыр 2018

Опрос

Сайттың дизайнын бағалаңыз
  • Если вам стали известны сведения о планируемых актах террористической угрозы, либо вы стали свидетелем или сами подверглись вербовке, уговорам со стороны радикально настроенных лиц, узнали, что кто-то распространяет литературу или другую информацию, пропагандирующую терроризм и религиозный эктремизм, просьба, не задумываясь, позвонить на номер 110
Авторские права © 2012-2015 «Управление предпринимательства Карагандинской области»
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»